Аутизм дерт пе, дарын ба?

Oinet.kz 11-07-2019 1605


Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады.

Аутизм ауру емес психологиялық тип деп қараушы шет елдік пікір бар екен. Шынында аутизммен ауыратын адамдардың басым бөлігі қабілетті тұлғалар. «Бұлақ көрсең көзін аш!» деген дана халқымыз. Әрбір аутист баланың жанарында шексіз ғаламның тұтқасын көрдім. Бірақ, ол тұтқаның ашылуы қоғам мүшелері, сіз бен бізге байланысты. Назарларыңызға аутизм дертінен жапа шексе де қоғамда елеулі өмір сүрген тұлғаларды ұсынамыз.

Вольфганг Амадей Моцарт (1756-1791)

волфганг.jpg

Австриялық композитор, капельмейстер, скрипкашы-виртуоз, клавесинист, органист. Замандастардың айтуынша, феноменалдық музыкалық есту, музыка шығару қабілеті жоғары болған. Моцарт ұлы композиторлардың бірі ретінде кеңінен танылған. Оның бірегейлігі- өз заманының барлық музыкалық формаларында жұмыс істеген және бәрінен жоғары табысқа жеткен.

Билл Гейтс

билл.jpg

Американдық кәсіпкер және қоғам қайраткері, «Microsoft» компаниясының құрушыларының бірі және ірі акционері. Сондай-ақ , Билл мен жары Мелинданың  қайырымдылық қоры бар.Билл 1996 жылдан 2007 жылға дейін, және 2009 жылы-Forbes журналының нұсқасы бойынша ғаламшардың ең бай адамы болып табылған.

Джейн Остин (1775-1817)

джейн.jpg

Британдық әдебиеттегі реализм, сатира, гуманизм жанрында романдар жазды. Джейннің кітаптары әлемде ең көп сатылымға ие бестселлердің қатарында. Оның шығармалары адам жанына терең еніп, қайғының өзінен күлкі туындатып жазылған. Джейн Остин әлі күнге дейін ағылшын әдебиетінің "бірінші ханымы" саналады.

Томас Джефферсон (1743 -1826)

томас джефорсон.jpg

АҚШ тәуелсіздігі үшін соғыстың көрнекті қайраткері, тәуелсіздік декларациясының авторларының бірі  болған .  АҚШ-тың 3-ші президенті,  саяси қайраткер, білім беру дәуірінің дипломаты .


Қобланбек Оңалбеков: «Жұмыс сапасы жалақыға тәуелді емес»
Порфирия деген не? Симптомдары, емі, алдын алу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу