Дәрігерлер ата-аналар мен балаларға тегін медициналық кеңестер берді

Oinet.kz 02-06-2019 1132

5922a76c-e672-41c8-994e-466ba451c169.jpg

Түркістан облысы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен "Жеңіс" саябағында 1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналған "Балалар біздің болашағымыз!" ұранымен акция өтті. 

Акция барысында балалар мен ата-аналарға  дәрігерлер тегін медициналық кеңестер беріп, бой, салмақ, қан қысымын өлшеп, қойылған сұрақтарына жауап берді. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары xалық арасында аурулардың, жарақаттанудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңес берді. Балалар мен ата-аналар арасында асфальтқа сурет салу сайысы өтіп, бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды. 


Әлемдегі ең қызықты салт-дәстүрлер
Семіздіктен зардап шеккендерге ота жасалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу