Шұлық таңдағанда нені ескеру керек?

Oinet.kz 25-05-2020 677

Сәннің соңынан қуып жеткен ешкім жоқ. Сондықтан, әсіресе болашақ ана атанатын қыздар, бұл денсаулығыңызға қатысты мәселе болғандықтан шұлық таңдағанда аса мұқият болыңыз. Мүмкін болса колготка табиғи матадан, яғни мақтадан тігілген болсын. Синтетикаға аллергиясы бар адамдар  шұлықты аптасына екі реттен артық кимеген абзал. 

Оқушылары тек қара, ақ, қара көк түсті шұлық киетін мемлекет ...

Қазіргі таңда іш киім тігетін фабрикалар мақтаның орнына микрофибраны көп қолданады. Ол адам шашынан да өте жұқа жіптен құралған мата. Микрофибра – теріге ауа өткізіп әрі жылуды сақтап тұрады. 100 пайыз мақта өнімін таппасаңыз, осындай колготкаларды алмастыруға болады.

Шұлықты күні бойы кимеңіз. Шаруаларыңызды бітіріп, үйге келгесін оны дереу шешіп, душ қабылдаған жөн.

Шұлықты ыстық күндері мүлдем кимеңіз. Оны кисем аяғым күнге күймейді деген жәй ғана аңыз. Күннің көзінен қорғанамын деп жүргенде түрлі ауру тауып алуыңыз мүмкін.

Колготканы әр кигенде жуыңыз. Мүмкін болса шұлықты киерден алдын антистатик спрейін сеуіп алғаныңыз артық етпейді. Мамандар бір шұлықты ұзақ мезгіл қолдану денсаулыққа қауіпті дейді. 

Колготканы ең алғаш ерлер киген
Шұлықтың да пайдасы бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу