Колготканы ең алғаш ерлер киген

Oinet.kz 25-05-2020 860

Қымбатты қыз-келіншектер, сіздер білесіздер ме, колготка көптеген ғасырлар бойы ерлердің киімі болып саналып келген. Тек  XVI  ғасырда оны әйелдер қауымы да кие бастады. Алғашқыда колготкалар арнайы тігін мәшинесінде жүннен иірілген жіптен тоқылды. Кейіннен мақтадан да тоқтылды. Ал жібектен тоқылған шұлықтарға ақсүйектердің ғана қолы жеткен.

Как выбрать тёплые женские колготки | Журнал Cosmopolitan

Шұлық өндірісінің дамуы нейлонның пайда болуымен байланысты болды. ХХ ғасырдың 30 жылдарында америкалықтар шұлықты жаңа өнім – нейлонмен тіге бастады. Яғни, бұрын қалың әрі түрлі-түсті болып колготкалар түссізденіп, аяққа жабысып тұратын болды. Араға жылдар салып жіпсіз тігілген  шұлықтар пайда болды.

Қазіргі таңда шұлықтар, капрон колготкалар ең көп тұтынатын киімдердің қатарында. Бүгінде олар спандекстен тігіледі. Жұқаларына лайкра мен эластан жиі қосылса, қалыңдарына мақта мен жүн қосылады. Бір сөзбен айтқанда, әйелдер үшін таңдау өте көп.      

Мамандар не дейді?

Егер әңгіме өткен ғасырдағы  колготкалар туралы болғанда денсаулық үшін алаңдамауға болар еді. Себебі олар таза, табиғи жүн, жібек, мақтадан тоқылды. Ал қазіргі шұлықтардың қауіптілігі сол – олардың құрамында синтетика бар. Есіңізде болсын, шұлықтың құрамында табиғи жіп (мақта, жүн) неғұрлым аз болса соғұрлым денсаулығымызға зиян. Неғұрлым жұқа әрі әдемі болса, соғұрлым аяқтың терісіне қауіпті. Синтетикаға аллергиясы бар сезімтал тері иелері үшін мұндай шұлықтар тіптен ыңғайсыздық тудырады. Яғни, терісі қабыршықтанып, тітіркеніп кетеді. Қышыма, есекжем тудыруы да ғажап емес.

Дермато-венерологтар сәнді, тырысқақ колготкалар жатырдың жіті жедел, созылмалы ауруларын тудыруы мүмкін дейді. Синтетикалық маталар ылғалды жібермей тұратындықтан парникті эффект тудырады. Ал мұндай жер зең, бактерия, инфекция секілді микроорганизмдерге өте қолайлы «мекен».

Кейбір қыз-келіншектер артық майын жасырып, денесін сымбатты етіп көрсету үшін шұлықтың әдейі кішкентай өлшемін киіп алады. Бұл әйел затының колготкиді қолданудағы ең басты қателігі дейді сарапшылар. Тар шұлық аяқты, бұтты, кіші жамбасты қысып тастайды да несеп шығару органдарына оттегі дұрыс бармай қалады. Салдарынан гарднереллез, кандидоз, цистит, уретрит  сынды  түрлі гинекологиялық аурулар туындайды.  Мұндай «жылы ошақта» бактериялар тез көбейіп, басқа аймақтарға еркін өтіп кетеді.

Дәрігерлер тар өлшемді шұлықты кию, әсіресе оны ұзақ уақыт бойы киіп жүру бедеулікке де себеп болуы әбден мүмкін дейді. Медицина мамандары жұқа, жабысқақ, синтетикасы көп колготкаларды жүкті, емізулі  әйелдерге, етеккір үзілісі кезінде киюге тыйым салады. Өйткені бұл уақытта жатырдың инфекция жұқтырып алуы қауіпі екі есеге артады.

Синтетикалық шұлықтан табанымыз да өзін жайсыз сезінеді. Капронды әдетте туфлимен киеді. Ал туфли жабық аяқ киім. Демек аяқ терлейді. Онсызда ауа жетпей тұрған табан мен башпайлардың арасында бөлінген терінің салдарынан зең пайда болады.

Колготка киюден мүлдем бас тартыңыз деп айта алмаймыз. Әйтсе де шұлық таңдағанда және кигенде бірнеше ережені сақтап, мамандардың кеңесіне құлақ түріңіз.


Сүндетттемеудің қатері
Шұлық таңдағанда нені ескеру керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу