Сүндетттемеудің қатері

Oinet.kz 25-05-2020 894

Ғалымдар сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелгендер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады. Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойынының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есе жоғары екен.

unnamed (3).jpg

Басқасын айтпағанда, Австрия ғалымдары ЖИТСке шалдыққан ер кісілердің басым көпшілігі сүндеттелмегендер екенін дәлелдеп отыр. ЖИТС вирусы ең әуелі жыныс мүшесінің ұш қабатын зақымдап, микрозақым алған тұста қабыну қаупі өте тез жүреді екен.

Гигиеналық тұрғыдан бактериялогиялық, стафилоккок (іріңді микроб), гонорей микробтарынан таза болу тұрғысынан т.б сан-алуан қатерлі кеселден ада болу үшін сүндет жасау керектігін медицина мойындап отыр. Әлбетте, Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у.) қалдырған сүннет амалын дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан біздерге қалыпты жайттың астарында қаншама медициналық дерттің алдын алу жатыр десеңізші?

Бала 3 не 5 жасқа келгенде сүндеттеуде мән бар. Шетелдіктер көбіне бала бір жасқа толғанда сүндеттеуді қолдап отыр. Бір жасына бала ағзасы толық қалыптаспаған тұста сүндеттеу қауіпті. Оны атам қазақ дәстүр арқылы дәлелдеп кеткен. Міне, қазақтың даналғы қайда жатыр?!

Дала дәстүрі мен қағидасының медициналық тұрғыдан биік дәрежеде маңыздылығына көбіне мән бермейміз. Өйткені, ол біздің қалыпты өмір сүру формамызға еніп кеткен. Сонысымен қуантады да.

Шұлық пайдалы ма зиян ба?
Колготканы ең алғаш ерлер киген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу