Шұлықтың да пайдасы бар

Oinet.kz 25-05-2020 770

Шұлықтың бәрі зиян екен деп ойлап қалмаңыз. Оның ішінде денсаулыққа пайдалысы да бар. Мәселен, компрестік шұлықтар. Ол аяқ тамырлары кеңейіп кеткенде, яғни варикоз кезінде өте пайдалы. Дәрігерлер мұндай пациенттерге компрестік шұлықты киюге кеңес береді. Емдік колготка тамырдың одан әрі кеңейіп кетуіне жол бермейді.

Шымкенттегі шұлық фабрикасы жылына 16 млн жұп өнім шығарады ...

Компрестік шұлықтың да әр түрлісі болады: профилактикалық – 18 mmHg (внесистемная единица измерения давления) дейін (І деңгей), емдік – 20-дан 40 mmHg дейін (2-4 дейгей). Пайдалы шұлықтар тек медицина мекемелері мен дәріханаларда ғана сатады. Сондықтан базардағы сапасыз өнімге алданып қалмаңыз. Емдік колготканы төсектен тұрмай жатып, яғни аяқ тамырына қан жүгірмей тұрғанда кию керек.

Жүкті әйелдерге арналған шұлықтар әдетте жұмсақ микрофибрадан жасалған матадан тігіледі. Ол оңай созылады. Варикоз әсіресе, жүктілік кезінде қоза түседі. Сондықтан мұндай пациенттер үшін сирақ жағы қысып тұратын ал бұты мен белі кең болып келетін колготкаларда шығарылған.

Целлюлитке қарсы шұлықтар мен жылу ұстайтын шұлықтардың да денсаулыққа пайдасы бар екенін айта кеткен жөн. Қалың колготкалар полиэстер, полипропилен, жүн, мақтадан тігілетіндіктен алаңдамай кие беруге болады.

Сонымен шұлық сатып аларда құрамына назар аударыңыз. Мақала барысында денсаулыққа қай матаның зиян қайсы пайдалы екенін біліп қалған боларсыз. «Арзанның сорпасы татымас» деген. Сол үшін тым арзан шұлықтарға қызыға бермеңіз. Денсаулықты бірінші, ал сәнді екінші орынға қойыңыз. Сонда сау әрі сәнді боласыз.

Шұлық таңдағанда нені ескеру керек?
ТМККК мен МӘМС-тің айырмашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу