Дезинфекция кезінде ереже сақталмаса қауіп төндіреді

Oinet.kz 21-05-2020 1144

Егер де үйлеріңізде түрлі жәндіктер мен кеміргіштер пайда болған болса,өз бетінше дезинфекциялық өңдеу жүргізуден аулақ болыңыз.Өз бетінше дезинфекциялық өңдеу жүргізу өзіңіздің отбасыңыздың,туысқандарыңыздың,көршілеріңіздің денсаулығына зиян келтіріп,кейбір жағдайда өлім жағдайына әкелуі мүмкін.

Дезинфекция — что это такое, ее виды и методы | KtoNaNovenkogo.ru

Дезинфекциялық өңдеу жүргізу алдын келесі ережелерді сақтау қажет:

-ең алдымен үйіңізде,пәтерде дезинфекциялық өңдеуді жүргізетініңіз туралы көршілерді міндетті түрде ескертіңіз;

-дезинфекциялық өңдеуді дезинфекция,дератизация және дезинсекция бойынша кәсіби дайындығын растайтын куәлігі бар арнайы маман жүргізуі тиіс;

-жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық Одақтастығы аумағында қолдануға рұқсат етілген дез.құралдар пайдаланылуы тиіс және дезинфекциялық құралдың мемлекеттік тіркеуден өткені туралы растау құжаты болуын талап етіп,оның жарамдылық мерзімін тексеруді ұмытпау қажет.

Дезинфекциялық құралдар қауіптілігіне қарай түрлі топқа бөлінетіндіктен,сатып алар алдын арнайы маманмен кеңесу қажет.

Вакцина туралы мәлімет
Уақытылы тамақтану туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу