Уақытылы тамақтану туралы
Уақытылы тамақтану, тамақтану мерзімін сақтау – бұл, ас қорыту жүйесі ауруының алдын алу болып табылады. Мектеп оқушыларына таңғы ас міндетті түрде болуы керек. Таңертең алдағы жұмсалатын энергияны қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз мөлшерде тамақ өнімдері мен калориясы бар ыстық тағам сүзбе пісірмесі, сүт ботқасы немесе етті тағам ұсынылуы қажет.
Тағамның құнарлы болуы, оқушы жасөспірімдердің сапалы тамақтануы оқушылардың денсаулықтарының артуына көп септігін тигізеді. Түскі ас біріншіден ыстық тағамнан, гарнирмен етті немесе балық өнімдері, ең жақсысы көкөністен болуы керек. Тиімді тамақтану балалар мен жасөспірімдердің жасына қарай организмнің негізгі нәрлі заттарды қажет сіңуін және олардың ара қатынасын ескере отырып ұйымдастырылуы қажет. Балалардың (1 жастан 3 жасқа дейін) тамағында белокқа бай сүт және сүт өнімдері, ет, жұмыртқа болуы тиіс. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың күн тәуліктік рационында кем дегенде 600—800 мл сүт, ал мектеп жасындағы балалардың рационында 400—500 мл сүт болуы тиіс. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың майды қажетсінуін өсімдіктерден алынатын (күнбағыс, жүгері майы) маймен қамтамасыз ету керек, өйткені оларды организм жақсы сіңіре алады. Өсімдік майын көкөніс пюресі мен салатқа қосып беру керек. Балалардың тамағына жидек, жемістердегі және олардың өңделген өнімдеріндегі организмге тез сіңетін углеводтардың болуының мәні зор. Балалар мен жасөспірімдердің тамағындағы белоктар, майлар мен углеводтардың анағұрлым қолайлы ара қатынасы балалар үшін 1:1:3, ересектерге 1:1:4 болуы тиіс. Мұндай ара қатынастан едәуір ауытқу тамаққа жетерліктей мөлшерде нәрлі заттар мен витаминдердің енгізілуіне қарамастан денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Мысалы, тамақта әсіресе мал майының көп болуы баланың организміндегі зат алмасудың, ас қорытуының бұзылуына әкеп соғып, салмағын ауырлатады. Углеводтардың артық болуы да зат алмасуын бұзып, семіртеді, ал тәттіні мөлшерден артық пайдалану балалар мен жасөспірімдерде диабет ауруының өрістеуіне әкеліп соғады. Балалар мен жасөспірімдердің тамағы әр түрлі болуы тиіс, ал біркелкі тамақ балалардың тәбетін нашарлатады. Майлы етті тек мектеп жасындағы ересек балаларға (14—17 жастағы) беруге рұқсат етіледі. Шала қуырылған немесе ысталған сүр етті бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалу не ішек құрты жұғуы мүмкін. Сондықтан оларды балаға бермеген дұрыс. Сондай-ақ тұзы көп немесе бұрыш, қыша, сілті көп қосылған ет және балық тағамдары 8—10 жастағы балалардың тамақтану рационынан алынып тасталуы керек.
Қанттың қауіпті көзі газдалған сусындар болып табылады. Көбінесе балалар жақсы көретін газдалған сусындар, энергетикалық сусындардың құрамында да ағзаға зиянды қоспалар өте көп. Мысалы, газдалған сусындарда газдың құрамында фосфат өте көп. Фосфат адамды жүрек-қан тамырлары ауруына, бүйрек ауруына шалдықтыруы мүмкін. Ал, газдалған сусынды күніге ішетіндердің бара-бара терісі тырысып, бұлшық еттері семуі мүмкін. Мұндай ішімдіктің бір стаканын ішкен соң тағы да ішкіміз келіп тұрады. Оның құрамындағы натрий глутаматы қоспасы жасушалардағы сутегі бөлшектеріне әсер етіп, оларды жойып отырады екен және ағзаның өзгеріске ұшырауына апарып соғатын көрінеді. Сондықтан балаларға сумен шөл қандыруды үйреткен жөн.
Қорытындылай келгенде мектеп оқушыларының тамақтану тәртібі ағзаның қарқынды өсуі мен балалардың тіршілік қарекетіне байланысты энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз ету керек. Май мен қанттың мөлшері жоғары өнімдерді көп мөлшер тұтыну болашақта семіздіктің, тіс жегісінің, гиповитаминоздың, сондай ақ микронутринттердің жетіспеушілігінің дамуына әкеледі. Сондықтан жалпы тәжірибесінде дәрігердің басты мақсатының бірі - балалар арасында салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау болып табылады. Қазіргі жағдайда мектеп оқушыларының денсаулық жағдайында созылмалы патологиялы меншікті салмақтың өсуі мен дені сау балалар санының азаюы басым.