Вакцина туралы мәлімет

Oinet.kz 21-05-2020 1161

1796 жылы ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер алғаш  рет «вакцинация» сөзін енгізіп, сиыр шешегіне қарсы екпе жасаған. Кейін желшешек, қызамық, қызылша, туберкулез сынды бас-аяғы 40-тан астам жұқпалы ауруға қарсы 100-ден аса вакцина шығарылды. Содан бері жер шары тұрғындарының көзі ашылып, талай аурудан аман қалды. Елімізде вакцинацияның жүргізіле бастағанына жарты ғасырдай уақыт өтті. Әлемдік тәжірибеге сай, Қазақстан да өзінің Ұлттық егу тізбесін 30.12.2009 жылы №2295 Үкімет қаулысымен бекітті. Бұл тізбеде туберкулез, дифтерия, сіреспе, жасушасыз көкжөтел, полиомиелит, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, А және В гепатиттері секілді ауыр асқынулармен өтетін, мүгедектікке апаратын, өлімге жеткізуі де ықтимал күрделі дерттер қамтылып, оған қарсы вакциналар қарастырылған. Бұлардың бәрі вакцина пайда болған уақыттан бері келе жатқан, түрлі сынақтан өткен дәстүрлі екпелер. Профилактикалық егудің арқасында қауіпті жұқпалы аурулар өршімей тұр. Мысалы, туберкулез ауруы ең көп таралған ауру. Елімізде жаңа туған сәбиге үш күннің ішінде туберкулезге қарсы екпе салынады. Бұл жас ағзаны ауруды жұқтырудан және туберкулездің бүкіл ағзаға таралатын ауыр түрінен қорғайды.

В Казахстане начались испытания собственной вакцины против ...

Тағы бір қауіпті жұқпаның бірі – полиомиелит. Әлемде 10 миллионнан аса адам осы сырқатқа шалдыққан екен. Бұл дерттің қауіптілігі ағзада көбейген вирус адамның жүйке жүйесін зақымдап, сал (паралич) ауруына ұшыратады. Егер бұл сырқатқа қарсы вакцина алмаған бала полиомиелитке шалдықса, мүгедек болып, өмір бойы арбаға таңылуы мүмкін. Вакцинаның арқасында полиомиелиттен сырқаттану жағдайы елімізде соңғы рет 1995 жылы ғана тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы тиімді вак-цинаның арқасында осы ауруды жер бетінен мүлде жою туралы бағдарлама қабылдады. Ал 2002 жылы Қазақстан мемлекеті полиомиелиттен таза аумақ ретінде есепке алынды. Дегенмен де, Ауғанстан, Пәкістан, Африка мемлекеттерінің бірқатар елінде осы жұқ-панын тіркелуі әлі де бар. Демек, полиомиелиттің Қазақстанға келу қаупі сақталады деген сөз. Эпидемиялық паротиттен қорғанудың да жалғыз жолы вакцина болып тұр. Адамды қатерлі бауыр ісігіне, циррозға шалдықтыратын «В» гепатитінен де екпе арқылы балаңызды қорғай аласыз. Жалпы вакцина салу арқылы алдын алуға болатын жұқпалы аурулардан жыл сайын жүз мыңнан астам адам қайтыс болады немесе мүгедектікке ұшырайды екен. Сондықтан тиімді вакцина болса, неге жақындарымызды, бауыр еті баламызды екпе арқылы аурудан қорғап қалмасқа?!

Бұлшықетіңізді нығайтқыңыз келсе...
Дезинфекция кезінде ереже сақталмаса қауіп төндіреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу