Бұлшықетіңізді нығайтқыңыз келсе...

Oinet.kz 21-05-2020 804

Протеин ұнтағын ірімшік қайнатушылар осыдан  8000 жыл бұрын қолдана бастаса, қазір ол спорттық және диеталық тамақтанудың негізгі құрауышына айналды. 

Бұлшық ет тіні мен құрылымы түрлері функциялары

Протеин ұнтағын ішерде оны қандай мақсатта қолданатыныңызды анықтап алыңыз. Егер бұлшықеттеріңізді өсіру үшін жаттығу залына барып жүрсеңіз, протеин ұнтағын ішу артық етпейді. Бірақ бұл қоспа құрамында ақуызы бар азық-түлікті ауыстырмауы керек.  Протеин ұнтағы тез тойдырады және ұзаққа дейін қарынды аштырмайды. Сондықтан ол артық тамақ ішумен күресуге көмектеседі. Сондай-ақ ол уақытылы жаттығу кезінде бұлшықет массасын ұстап тұруға қажет.  Вегетариандар ақуыздың жеткілікті мөлшерін алу үшін протеин ұнтағын ішеді екен. Сондай-ақ рационыңызда өсімдік өнімдері көбірек болса, протеин ұнтағын тағамдық қосымша ретінде ішудің денсаулыққа зияны болмайды. Көпшілік әйел оны ішсе, дене пішінінің сымбаттылығын жоғалтып, бодибилдингпен айналысатын адамның денесіндей болып кетеді деп ойлайды. Алайда олай емес, протеин ұнтағымен тамақтану дене пішініне ақуызға бай басқа да тамақтану түрі секілді әсер етеді.

Иттер де дәріге төзімді келеді
Вакцина туралы мәлімет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу