Тұмауды алдын алудың жолдары
Тұмау және тыныс алу жолдарының жедел вирустық инфекциялары - бұл ауа-тамшы жолдарымен жұғатын әртүрлі инфекциялардың жиынтығы. Қазіргі таңда тұмау эпидемиясы кезінде адам өлімі жоқ, бірақ көптеген адамдардың тұмауға деген салғырттықтарының нәтижесінде инфекцияның күшеюіне жол берілуде. Яғни, бұл өз кезегінде тұмаудың тұрақты вирустарын туғызады. Сөйтіп ауа арқылы басқа адамдарға жұғады. Тқмау - жүрек-қан тамырлары жүйесі, бүйрек және басқа да мүшелер ауруларының асқынуына әкеледі. Тұмау өте құбылмалы және оның құрылымы өзгеріп отырады, осылай тұмау және вирустық инфекциялар жаңа толқынды болады.
Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін, орташа 2-3 күнді құрайды. Аурудың басталуы жедел, интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40С дейін көтеріледі, әртүрлі дәрежедегі қалтырау, мерзімі қысқа, 3-5 күн. Әдеттегiдей аурудың басы өткiр, маңдай бөлімінің, әсіресе қабақ үсті аймағының ауырсынуы, бас айналу, тершеңдік, буындардың, сүйек-бұлшықеттерінің ауырсынуы тән, адинамия, жалпы әлсіздік үдей түседі.
Тұмауды алдын алудың жолдары. Ең тиімді алдын алу әдісі-тұмауға қарсы вакцинасы. Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз. Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз. Мұрныңыздың шырышты қабығын интерферонды қолдана отырып 0,25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз. Сарымсақ, пияз сонымен қатар құрамында С дәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон, орамжапырақ, қара қарақат. Төрт қабатты дәкелі таңғышты қолданыңыз. Толық тамақтаныңыз. Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысуды қолға алыңыз. Тұмаумен ауыратын науқасты басқалардан оқшалауды ұмытпаңыз.
Емі. Дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді.