Снюс несімен қауіпті?
Снюс – бұл түтінсіз темекінің бір түрі. Снюстің басты қауіптілігі - оның құрамында никотиннің мөлшері темекімен салыстырғанда бірнеше есе көп болуы ( 1 дана темекіде -1,5 мг болса, снюста - 20 мг - 250 мг дейін).
Өздеріңізге мәлім, соңғы кезде есірткі заттары қатарына қосылатын снюс туралы Республика бойынша дабыл қағылуда. Бұл - құрамында никотин мөлшері көп, канцерогендері төмен болуымен сипатталатын түтінсіз темекі. Сатылымда бар. Аталған өнімнен сақтану керектігін оның аса зиянды екенін тексеріп, қорытынды шығарған мамандар ескертеді.
Үлкен-кішіге бірдей қауіпті зат. Әуестенген адамның мінез-құлқы өзгертеді. Денсаулығына зиян келтіреді. Жазылмас дертке шалдықтырады. Сондықтан әсіресе ата-аналар қауымы балаларына сақ болса игі.
Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мониторингі бойынша іс-шаралар барысында зиянды заттың сауда сөрелерінен табылғаны анықталды. Құрамы жоғары технологиялық зерттеу тұрғысынан мұқият тексерілді. Соның нәтижесінде көзге ұрған фактілер дәлелденді.
Дүкеннен, сол сияқты Интернет арқылы алдыратын снюс өнімдері жасөспірімдер арасында кеңінен таралып келеді. Әлеуетті канцерогендік әсері бар 28 химиялық заттан тұратын снюс адам бойында обыр ауруы дамытады. Ауыз қуысы, ұйқы безі, өңеш пен өкпе зақымданады. Тіс бұзылып, пародонтоз, тахикардия ауруларын тудыратыны жайлы да мамандар ескертеді.