Тазалық- сары аурудың болдырмау кепілі

Oinet.kz 21-05-2020 1097

Вирусты сары ауру-дегеніміз – бауыр қабынуының жұқпалы ауыр дерті. Қазіргі таңда сары аурудың 5 түрі белгілі А, В, С, Д, Е.Бұл ауру жедел және созылмалы түрде өтеді.

Вирусты гепатитпен ауырған болсаңыз - Денсаулық -

Сары аурудың эпидемиологиялық ерекшіліктері бар, ол күз-қыс айларында, әр 3-5 жыл аралығы кезеңінде күрт көтеріліп отырады, осы айларда ауру қоздырушы вирус активтілігі күшейеді.

Өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығын сақтау үшін сары ауру екенін білуіңіз қажет. Ол адам организімінде улаумен, бауырдан жарақаттануымен ерекшелінеді. Аурудың денесі сарғайып немесе жасырын түрде өтеді.

Ең алғашқы сырқаттың белгілері : әлсіздік, тамаққа тәбеттің болмауы, іші ауырады, жүрегі айнып, құсу, дене қызуының көтерілуі, нәжістің түссізденуі, зәр қою қоңыр түске айналады.

Аурудың таралуына табиғи және әлеуметтік–экономикалық факторлар, осы ауруға иммунитеттің төмендігінен, дұрыс тамақтанбағаннан, организмге қажетті витаминдердің төмендеуінен, ас қорыту жүйелерінің созылмалы ауруларының салдарына байланысты.

Сары ауруды қалай жұқтыру мүмкін:

-тұрмыстық заттар арқылы

-жеке гигиенаны сақталмаған жағдайда

- рұқсат етілмеген жерлерде шомылғанда

- залалданған су жұтып қойғанда

- тағам жолдары арқылы, яғни жуылмаған көкөніс және т.б

Аурудың алдын алу мақсатында ата-аналар, мектеп ұжымдары мен мектепке дейінгі ұжымдары бірлесіп бала денсаулығын қорғауда бірге жұмыс атқару қажет.

Баланың жеке бас гигиенасын, баланы дұрыс күту,тамақтану алдында қол жууды дағдылануға үйрету, дұрыс тамақтану, үй және қоғамдық орындарда тазалық сақтау.

Ауруды өз уақытында анықтау және дұрыс емдеу мақсатында жоғарыда көрсетілген аурудың белгілері байқалған жағдайда тез арада дәрігерге көрінбеген жағдайда ауру асқынып кетуі мүмкін.

Тұз адам денсаулығына зиян ба?
Тұмауды алдын алудың жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу