Аллергиямен қалай күресуге болады?
Егер сізде иммунотерапиядан өтуге уақыт болмаса, не істеу керек? Әрине, аллергиядан арылуға көмектесетін әдістерге жүгініп көрелік!..
№ 1 әдіс. Радикалды
Көптеген аллергияны емдеудің ең кең таралған тәсілі - аллергенмен байланыста болмау. Егер сіздің аллергияңыз үй жануарларымен тікелей байланыста болса одан арылу жолдары оңай. Ал, сіздің аллергияңыз шөп, шабындық жағдайында болса бұл үлкен мәселе туындатуы мүмкін. Ондай жағдайда демалыс алып, аллергия сізді алаңдатпайтын жерге баруыңыз керек. Радикалды әдіс те тиімді. Алайда, бұл опция барлық адамдар үшін қолайлы емес.
№2 әдіс. Фармакологиялық
Дәрігермен кеңесіңіз. Өз-өзіңізді емдеуді доғарып, дәрі-дәрмектің өзін тікелей дәрегердің бақылауымен алыңыз.
Мұндағы жиі кездесетін бір қателік: аллергиялық реакция күшейген кезде дәрі ішу. Аллергенмен байланысқаннан кейін антигистаминді қабылдау пайдасыз. Себебі, ағзаңыздың кері реакция беруі ғажап емес. Ал, антигистаминдер ағзада тұрақты түрде бірқалыпты жиналуы керек. Содан кейін ғана олар аллергиялық реакцияны жеңуге көмектеседі. Ең дұрысы, дәрі қабылдау уақытын, аллергия пайда болмай тұрып 2-3 апта бұрын бастаған жөн.
№3 әдіс. Үй
Аллергияға жақсы төзу үшін үйіңізді аллергия маусымына дайындау керек. Мүмкіндігінше есіктер мен терезелерді жабық ұстаңыз. Жаңбырдан кейін бөлмені желдетіңіз. Егер таза ауа болмаса, терезелерді дәке арқылы бекітіп, сумен жиі ылғалдандырып тұрыңыз. Перделер де ылғалдандыруға тұрарлық. Үй ішіне бірнеше желдеткіш орнатқаныңыз жөн. Сонда ғана аллергиямен күресу оңай болады. Үй ішінде еркін тыныстауға мүмкіндік болады.
№ 4. әдіс. Гигиеналық
Үйге келген соң киіміңді кір машинасына сал. Содан кейін жылы су қабылдап, шашыңызды мұқият жуыңыз. Себебі, онда көптеген тозаң қалуы мүмкін. Егер сіз үй жануарларын жаяу серуендеткен болсаңыз, оларды да жуындыруыңыз керек. Аллергия кезінде киіміңізді ашық балконға кептірмеңіз.
№ 5 әдіс. Халықтық
Медицина аллергияға қарсы тұруға көмектесе алатын дәрі-дәрмектерді ұсына алады. Ал, халық емі сізге қайнатылған сорпаны ұсынады: ыстық суды қайнатып, ішіне кеспе салыңыз. 20 минуттан соң оны ішуге болады. Қайнатылған сорпаның алтын түске айналғанын күтіңіз. Содан кейін ғана, оны ішуге әбден болады.
Арнайы маманға қай уақытта хабарласу қажет?
Егер сіз әлі де болсын аллергия белгілерінен арыла алмасаңыз, отоларинголог немесе аллергологқа қаралыңыз. Дәрігер сізге дәрі-дәрмек рецептін жазып, иммунотерапияны ұсынуы мүмкін. Дәрі-дәрмектер аллергиядан арылуға көмектесетін бірден-бір құрал. Кей жағдайда дәрігерлер симптомдарды жеңілдететін аллергиялық иньекцияларды тағайындайды. Сондай-ақ, аллергияны анықтайтын ең танымал әдіс - теріні тексеру.
Егер аллергияңыз бар болса, біз ұсынған әдістерді қолдануды ұмытпаңыз! Дәрігерге уақытылы қаралып, денсаулығыңызға ұқыптылықпен қараңыз!