Орталық Азиядағы ең бақытты ел
27-03-2024
Дәрігер Джозеф Белл өте білікті хирург болған. Эдинбург университетінің оқытушысы дәрігерлік істі ғана мінсіз атқарып қойған жоқ. Ол ауруды науқастың анализ талдамалары қарап емес кейбір мінез-құлқына, әдетіне, дене бітіміне қарап айтудың хас шебері болған деседі. Мәселен, теңізшілердің татуировкасына қарап қай елде саяхаттағанын, пациенттің қолына қарап мамандығын, адамның бет-әлпетіне үңіліп шарапқа үйір немесе үйір еместігін сөзсіз айтып отырған. Беллдің тыңшылық таланты полиция қызметкерлеріне талай көмегі тиді.