Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Марк Ченовет жарық дүниеге омыртқа жарығымен келеді. Мүгедектер арбасына танылған жарымжан бала мүлдем жүре алмайтын. 1998 жылға дейін ол өлместің күнін кешті. Алайда жігері мықты жігіт дайвингпен айналысуға шешім қабылдайды.
Дәрігерлердің қарсылығына қарамастан ол Минорка аралының жағалауына барады. Алғашқы күннен бастап қорқынышын жеңген науқас 15 метр тереңдікке сүңгіп кетеді. Жағаға шыққан кезде Марк өзінің жүре алатынын сезді. Бірақ, үш күннін кейін оның аяқтары қайта жансызданып қалады. Сонда Марк жағалауға қайта барып, дайвингпен айналыса берді. Сөйтсе ол неғұрлым терең жүзген сайын оның аяқтары қимылдай бастайды екен. Дәрігерлер мұны оттегіге толы скубадағы тыныс алғыш газдың Ченорветтің жұлынындағы жүйке клеткаларына оң әсер ететінін айнықтаған. Қазір қайсар жігіт мүгедектер арбасына тәуелді емес.