Төс үлкейту қатерлі ісікке шалдықтыра ма?

Oinet.kz 10-02-2020 956

1571817307_cheshetsya-levaya-grud.jpg

Маммопластика жасатпас бұрын қыз-келіншектердің алаңдайтын сұрағы осы. Бүгінге дейін әлемдік ғалымдар омыраудағы жасанды силикон әйелді қатерлі ісікке шалдықтырады деп айтып келді. Алайда бұл ешқандай дәлелін тапқан жоқ. Маммологтар мен хирургтар ота медициналық талаптарға сай жасалса ешқандай қиындықтың болмайтынын алға тартады. Дегенмен, мына ережелерді есте сақтаған жөн. Сүт бездерінің ауырып, сыздауы дәрумен мен гормондардың жетіспеуінен болады. Операция үстелінен тұрғаннан кейін науқас дәрігердің талабын мұқият орындауы керек. Бір-екі айға дейін ыстық моншаға баруға, жүгіруге, спортпен шұғылдануға болмайды. Ал оңалту шаралары аяқталған соң қалыпты өмірде атқарылатын шаруаларды жасай береді. Жоспарлы операциядан бірнеше апта бұрын шылымнан бас тартыңыз. Шылым шегу операцияға дейін және кейін пациенттерге кері әсерін тигізеді. Хирургтардың көбісі шылым шегудің жараның баяу жазылуына әкелетініне және операция нәтижелерін төмендететініне сенімді. Шылым шегу әсіресе маммопластика, бетті тарту, блефаропластика, абдоминопластика, реконструктивтік операциялар секілді операцияларға кері әсерін тигізеді. Зерттеулерге сәйкес, темекі шекпейтіндермен салыстырғанда шылымқор пациенттерге пластикалық хирургияның барлық түрінен кейін жараға инфекция түсуге байланысты үлкен қауіп төнеді. Тігіс баяу жазылады және операциядан кейін асқыну қаупі бар. Шылым шегетін пациенттер тері тіндерінің некрозына және дәнекер ұлпаның ауруларына шалдығуы мүмкін.

Кімдерге операция жасалмайды?

Қалпына келтірілмеген қант диабетімен ауыратын пациенттерге маммопластика жасауға болмайды. Жалпы анестезия жүргізу аса қауіпті саналатын патологияларда, түрлі вирустық инфекцияларда, қанның ұюы кезінде, сондай-ақ онкологиялық аурулар бойынша есепте тұратын пациенттер де ота жасата алмайды. Хирург 18 жасқа толмаған бойжеткендерге операция жасаудан бас тартуы керек.  Себебі оларда сүт бездері толық қалыптасып үлгермейді. Лактация кезінде (сүт шығу, бала емізу) де төсті түзетуге тыйым салынады.

Омырау имплантатымен бала емізуге бола ма?
Маммопластика қалай жасалады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу