Тіске қарап кеселін таны
Тістер жалпы ағзаның жай-күйін анықтайтын барометр іспеттес. Тіс бұзылуының басты себебі ішкі ағза мүшелерінің дұрыс жұмыс істемеуінен екенін ғалымдар анықтап отыр. Стоматологтар тістерді 8-ден бөліп, нөмірлейді. Яғни, жоғары мен төмен алдыңғы тістер сол жаққа қарай 8, оң жаққа қарай 8, барлығы 16-дан қатарласқан. Осы тістердің дәл ортадағы екеуін 1-ші деп белгілеп, әрі қарай ретімен кете береді. Міне, осы 1-ші және 2-ші тістердің бүлінуі қуық пен бүйректе, құлақта кінәрат барын білдіреді, 3-ші тістердің бұзылуы бауыр мен өттің жұмысы дұрыс еместігін аңғартады. 4-ші тістер бүлінсе өкпе мен тоқ ішекте ауру болғаны, 6-шы тістердің бүлінуі асқазан мен асқазан асты безінің жұмысы бұзылғанын білдіреді. Ал 8-ші тістердің бүлінуі жүрек пен ащы ішектің жұмысы өзгерісінен хабар береді.
Ақазан мен ащы ішекте жара болса, көбіне пародонтоз пайда болады, тісте тас түзіледі. Егер емдеткен тісіңіз қайтадан ауыра бастаса, сол тіспен байланысы бар ағза мүшесіндегі аурудың асқынғаны. Сондықтан тіспен қатар ауыратын жерді де арнайы дәрігерге қаратып емдеткен жөн.