Әр тістің қызметі бар

Oinet.kz 17-01-2020 5304

Адамның тісіне алғаш ат берген Гиппократ екен. Ол баланың тісі сүттен шығады деп есептегендіктен «сүт тіс» деп атаған. Тіс адам өмірінде екі рет шығады. Алғашқыда 20 сүт тісі шығады. Олар дені сау сәбилерде алты айдан бастап екі жарым, кейде үш жасқа дейін шығып болады. Кейін сүт тістер орнына кәдімгі тұрақты 28-32 тіс шыға бастайды. Кейбір адамдарда 33 тіс болады екен. Яғни, екi жоғарғы алдыңғы тістердің орнына үш тiс орналасады. Мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі дейді мамандар. 

Screenshot_28.jpg

Тістің бәрі бірдей емес және 32 тістің әрқайсысының бөлек қызметтері бар. Кеңірек тоқталар болсақ: күрек тістер – балаларда және ересектерде шығатын алдыңғы тiстер азықты кесуi үшiн пайдаланылады, ит тiстер асты бөлшектеу үшін және азықты ұстап қалуы үшiн қызмет көрсететiн конус сияқты тiстер, премоляр (кіші азу), моляр тістер (үлкен азу) тамақты езу, үгітуге арналған. 

Адам тамақты тек бір жағымен шайнаса, екінші жағындағы тістерге шоғырланып тас жабысады. Асты екі жақпен бірдей кезек-кезек шайнау тістердің тазалығын, мықтылығын, беріктігін арттырады. 

Жақында ғалымдар ересек адамдарда тісті қайтадан өсірудің жолын ойлап тауыпты. Мұндай тәжірибені америкалық биологтар балықтарға жасап көрген. Биологтар балықтар мен адамдарда тіс жақ сүйегінен дамитын эпителий ұлпасынан өсетінін айтып отыр. Олар сондықтан да бұл әдісті адамдарға қолдануға болады деп есептейді.

Тіс тазалығы – денсаулықтың кепілі
Тіске қарап кеселін таны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу