Тіс тазалығы – денсаулықтың кепілі

Oinet.kz 17-01-2020 1466

1153455.jpg

Адам ағзасындағы ең мықты мүше тіс екен. Ол 1000 градусқа дейін төтеп бере алады. Алайда төзімнің де шегі бар емес пе? Егер тіске дұрыс күтім жасалмаса, оның соңы тіс жұлумен аяқталады. Тіс гигиенасын сақтаудың бірден-бір жолы оны күнделікті тазарту. Тамақ ішкеннен кейін ас қалдықтары тіс арасына тығылып қалады да олар борсып, микробтардың ұясына айналады. Әлгіндей шіріген тамақтың бір миллиграмында 800 миллиондай мироб болады. Ал микроб түрлі аурулардың ошағы екені айтпаса да түсінікті. Сол себепті стоматологтар тісті күніне кем дегенде 2 рет тазартып тұрған жөн дейді.

14 мыңға жуық емделушілерді зерттеп-бақылаған жапондық ғалымдар, күніне тістерін 3 рет тазалайтын адамдар үлкен салмақпен сирек жолығатынын дәлелдепті. Ендеше, тіс гигиенасын сақтау сізді мың бір түрлі дерттен сақтайды!

Что такое вакцинация и для чего она нужна?
Әр тістің қызметі бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу