Ғарышта қандай ауру қатты өршитінін білесіз бе?
Жер бетінде ең көп тараған және екінің бірінде кездесетін ауру ол тісжегі. Ғалымдар тісті зақымдайтын аурудың белгілерін осыдан 5000 жыл бұрын өмір сүрген адамдардан тапқан екен.
Ежелгі аурудың тағы бір қызық тұсы тісжегі жер бетінен гөрі салмақсыздық күйінде, яғни ауадан жоғары қабатта тез көбейетін болып шықты. Мамандар мұның себебін ауа қысымынан жоғары қабатта ауызда сілекей аз бөлінетіндігімен түсіндіруде. Аздаған сілекей ауыз қуысындағы жағымсыз микроорганизмдерді шаюға жетпейді. Салдарынан тіске жайғасқан тісжегілер тез көбейіп, таралып кетеді. Сірә, бұл құпияны айдың жүзін көріп келген ғарышкерлерден артық ешкім білмейтін шығар.