Қатерлі ісіктің қалай алдын-алуға болады?

Oinet.kz 10-01-2020 1504

Screenshot_28.jpg

Қатерлі ісікті алдын-алуға болатын ауру екендігі жайлы бірсыпыра бұлжытпас дәлелдер бар:

Қатерлі ісік ауруының 80-90 пайыз жағдайлары қоршаған ортаның себептері деп саналады. Қоршаған орта анықтамасы өзінің кең мағынасында әлі де аз зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдени іс-әрекеттен құралады. Алдын алуға болатындай рак ауруының себептері толық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыратындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған. Рак ауруының үлесі: тамақтану сипатының 30-35 пайызынан, темекі тартатындардың 30 пайызынан, жұқпалы (вирустық) агенттердің — 17 пайыз, алкогольдің — 4 пайыз, қоршаған ортаның ластануының — 2 пайызнан тұрады. Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет. Күн сайын алдын-алу негіздерін, жалқаулық пен қол тимеудің салдарынан біз өзіміздің денсаулығымызды тәуекелге тігіп жүрміз. 

25 жастан асқан әйелдер: Жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен осы ағзаның обырынан сақтандыру мақсатында шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсырыңыз. Егер Сіз 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жаста болсаңыз, жатыр мойнының скринингіне қатысыңыз — жатыр мойнының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтау мен шырышты қабаттан алынған жақпаларды тапсыру — осы ағзаның рагынан сақтану үшін қажет.

40 жастан асқан әйелдер: Сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзадағы ракты ертерек анықтау үшін маммографиялық тексеруден өтіп тұрыңыз. Егер Сіз 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жаста болсаңыз, онда сүт бездері рагының скринингіне қатысыңыз – ол үшін сүт бездеріндегі өзгерістер мен осы ағзаның рагын ертерек анықтау мақсатында маммографиялық тексеруден өтуіңіз қажет.

50 жастан асқан ерлер мен әйелдер: сіздер – колоректальді обыр скринингіне қатысыңыз, бұл үшін сізге тоқ ішек (бүйен) мен тік ішек обырын анықтау мақсатында  нәжіс және қан тапсыру қажет.

Есте ұстаңыз, ауруды емдеуге қарағанда, алдын-алу оңай:

Қатерлі жаңа өскіндердің даму тәуекелін едәуір төмендету үшін «салауатты өмір салты» деп аталатын ұғымға енетін қарапайым бірнеше ережені ұстана біліңіз. 

Белсенді болыңыз, күн сайын дене шынықтырумен шұғылдануға тырысыңыз: Дене белсенділігінің қорғану тиімділігі рак ауруының даму тәуекеліне қатысты белсенділік деңгейінің артуына байланысты күшейе түседі. Дегенмен жүрек ауруы бар адамдар сақтана білуі тиіс. Дененің қалыпты салмағын ұстау, әсіресе, үнемі отырып жұмыс істейтін адамдар үшін  дене белсенділігі қажет. Дене жаттығуларын аптасына 3 реттен кем емес 30-40 минут бойы жасау керек. Егер сіз суық тиіп жиі ауыратын болсаңыз, иммунолог дәрігер маманына қаралыңыз.

Қажетті азық-түліктер: Сізге күн сайын жасұнықтардан (клетчатка) тұратын жемістер, көкөністер, шырындар және басқа да өсімдік құрамдас тағамдардың 5 бөлшегін (порциясын) жеп отыру қажет. Жасыл, сары және қызғылт сары көкөністер мен жемістерді, цитрусты жемістерді, жидектерді, құрғатылған жемістерді, теңіз азық-түліктерін, пияз бен сарымсақты тұтыну ерекше пайдалы. Қызыл көкөністердің ішінде ең тамаша таңдау — қызанаққа тиесілі. Өзіңіздің күнделікті рационыңызға ірі ұнтақты ұннан жабылған нанды (бидайдан және қара бидайдан) және ботқаны қосқаныңыз абзал. Майлы балықта қатерлі жаңа өскіндердің дамуына кедергі жасайтын пайдалы заттар көп-ақ. Жаңғақтар да өте пайдалы.

Тері аурулары рагының басты себебі:  Күн сәулесі, әсіресе, оның ультракүлгін бөлігі болып табылады.Өзіңізге көңіл бөліңіз. Егер сіздің бойыңыздағы мең немесе қалыңыз киініп-шешінгеннен немесе мойныңыздағы алқаңыздың жанасуынан көлемі немесе түсі өзгеретін болса, жедел түрде дәрігерге хабарласыңыз. Ондай меңдерді өз уақытында алып тастау арқылы тері рагының тәуекеліне жол бермеуге болады. Өзіңізді бақылау барысында мазаңызды алып тұрған факторларға назар аударыңыз.

«Фигурный» таблеткалар
Ит асыраудың денсаулыққа қандай пайдасы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу