Жүктілік жүйкеге әсер етеді. Бұл кезеңде ашуланбаудың жолы қандай?

Oinet.kz 21-01-2014 1035

Әйелге ана атанудан артық бақыт жоқ.  Ал, жүктілік – өзіңді патшайымша сезінетін әйел ғұмырының ең тамаша шағы. Осы жүктілік кезінде әйелдердің психологиясы едәуір өзгеріске ұшырайды. Әсіресе,  алғашқы жүктілік кезінде.

adf06764f72f7db5b396dfc538a3e57e.jpg

Мен қазір жүктіліктің төртінші айындамын. Өзім дәрігер болғандықтан жүктілік кезінде сақталуы тиіс талаптарды жақсы білемін. Әсіресе, жүкті әйелдің психологиясы, көңіл-күйі маңызды роль ойнайды. Сондықтан құрбыларыма осы жөнінде жинаған тәжірибеммен бөліссем деймін. Өйткені  әйелдің эмоционалды көңіл күйі жүктілік ағымының қалыпты, ешбір асқынунсыз, ауыртпалықсыз өтуіне және болашақта босануына да тікелей әсер етеді. Кейде ауыр жағдайда өткен босану мен сәбидің дамуындағы кейбір ауытқушылықтар ананың жүкті болған кезіндегі көңіл күйіне байланысты туындайды.

Көптеген әйелдерге жүктіліктің ең қиын кезеңі бірінші триместр болуы мүмкін. Бұл – ағзаның гормоналды ауысуы кезіндегі әйелдің әсершілдігіне байланысты. Кейде себепсізден-себепсіз бойын ашу қысуы мүмкін. Алғашқы токсикоз да біраз әуреге салады. Сол себептен кейде үйде, жұмыста, қоғамдық көліктерде ұрыс-керіс туындап жатады. Мұндайда не істеу керек? Әрине, жүкті екендігіңізді жақындарыңыздан (бір үйде, бір шаңырақта тұратын адамдарыңыздан) жасырмасаңыз, оларды көңіл күйіңіздің болмай тұрғанына сендіре аласыз. Көп жағдайда, әйелдің жүкті екенін білгеннен соң-ақ туыстық қатынаста болмаса да айналасындағы адамдар оған қамқорлық таныта бастайды.

Қоғамдық орындарда, әсіресе көліктерде қандай да бір келеңсіз оқиғалардан сақ болу үшін өзіңізді сабырлы ұстауға тырысуыңыз қажет. Көбіне ыңғайсыз жағдайға бойында «осындай болып қала ма екен» деген үрейі бар әйелдер тап болады. Көптеген психологтар мен психотерапевттердің пікірінше, үрей немесе қорқыныш сезімі – қоршаған ортаға қатысты агрессияның бейтарап түрі. Егер адам айналасындағылардан қорықса, бұл – оның олар туралы жағымсыз пікірде екендігі, олардан ешбір жақсылық күтпейтіндігі деген сөз. Өз кезегінде, ұғынбаса да айналадағы адамдар бұны сезінеді және оған да солай жауап береді. Сондықтан ұрыс-керістен аулақ болу үшін әлемге жаңа көзқараспен (сүйіспеншілікпен, махаббатпен) қараған жөн.

Қыста қандай азық-түліктерді жеуге болмайды?
Анар қабығының денсаулыққа пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу