Қыста қандай азық-түліктерді жеуге болмайды?

Oinet.kz 21-02-2019 1571

Қыста тұмаурату мен күйзеліске түсу жиі болады. Суық мезгілде жақсы көңіл күйде және қуатты болу үшін тамақтану үдерісіңізді қадағалау керек. Дәрумендер, минералдар, аминқышқылдары және пайдалы майлар иммунитетті бекітіп, суық тиюден қорғап, жабырқау болмауына көмектеседі. Ендеше, қыста тамақтану тәртібіңізден табылуы қажет азық-түлікті ұсынамыз.

Screenshot_18.jpg

Балықтың майлы түрлері

Тунец, сардина, албырт, скумбрия және майшабақ құрамында омега-3 көп қанықпаған май қышқылы болады. Олар иммунитетке жағымды әсер етіп, жұқпалы ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Асқабақ

Асқабақ – пайдасын жоғалтпай ұзақ сақталатын мезгілдік көкөніс. Ол А, С, Е, В, Р дәрумендеріне бай. Сонымен қатар, асқабақта темір және каротин мөлшері көп. Олар иммунитет жүйесіне жұқпамен күресуге көмектеседі.

Ашытқан қырыққабат

Ашытқан қырыққабат – құрамында пайдалы заты көп керемет өнім. Қырыққабатты ашыту кезінде оның пайдалы қасиеті азаймайды, керісінше көбейеді екен. Ашытылған қырыққабат ішек микрофлорасына да пайдалы.

Інжір және жаңғақтар

Інжір мен жаңғақтар көңіл күйді жақсартуға көмектеседі.

Цитрус тектестер

Апельсин, лимон, мандарин және басқа да цитрусты жемістерде С, А, D, В дәрумендері өте көп. Сонымен қатар, олардың құрамында калий, магний, антиоксиданттар бар. Олар микробтармен күресіп, иммунитетті бекітеді. 

Сүт

Сүтті «денсаулық сусыны» деп бекер айтпайды. Оның құрамында дәрумендер, микро және макроэлементтер, ақуыздар мен аминқышқылдары – барлығы 80 пайдалы зат бар. Олардың барлығы денсаулықты мықты ұстауға, иммунитетті бекітуге, тартымды сыртқы келбет және жақсы көңіл күй сыйлауға көмектеседі. Сүттің пайдасы көбірек болу үшін герметикалық картон қаптамадағы ультрапастерленген сүтті таңдаңыз. Мұндай сүтті қайнатудың қажеті жоқ. Аздап ысытып, оған какао мен қант қосып ішсеңіз, ол денеңізді жылытып қана қоймай, көңіл күйді көтеруге де көмектеседі.

Дереккөз: Massaget.kz

Шаш түюдің зияны қандай?
Жүктілік жүйкеге әсер етеді. Бұл кезеңде ашуланбаудың жолы қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу