Шаш түюдің зияны қандай?
Шашы ұзын бойжеткендердің ұнататын шаш үлгісінің бірі – шашын түйіп жүру. Шаш мамандары шашты жиі түйіп жүрудің зиян екенін айтады.
Шашты жиі түйіп жүрудің мынадай зиянды жақтары бар:
- Шашты күнде қысып бусаңыз, шаштың түйіні әлсірейді және шашыңыз сиректей бастайды.
- Резеңке қысып тұрған жердегі шаштар сынғыш болып келеді.
- Металл қысқыштар шашты зақымдайды.
- Күнделікті қысып буудан бас терісі де ауыра бастайды.
- Шашты ұзақ түйіп жүру кезінде буылған жерде бастағы қанайналым бұзыла бастайды. Соның себебінен шаш күңгірттеніп, басыңыз ауыра беретін болады.
Жоғарыда айтылған белгілер шашты өте ұзақ және жиі буып жүретін кездерге айтылған. Ол шашыңызды күнде жіберіп жүру керек деген сөз емес. Дәрігерлердің айтуынша, егер нақты ережелерді сақтасаңыз, жоғарыда айтылған проблемалар орын алмайды. Мысалы, шашты буу кезінде жалпақ әрі қатты резеңке қолданбаңыз. Жалпы резеңкенің орнына түйреуіштер қолданған жөн. Шаш үлгісін жасауда шашты кейін қарай тарауды (начес) әдетке айналдырмаңыз.
Дереккөз: Massaget.kz