Бала тісі. Оны қалай күту керек?

Oinet.kz 21-02-2019 1162

Бала кезімізде тіс тазалау бәрімізге де қызық болатын. Іштей есейдік деп ойлайтынбыз. Алайда тісті тазалаудың қыр-сырын біле бермейтінбіз. Негізі баланы үнемі тазалыққа үйрету үшін оны туылған уақыттан бастау қажет екен. Себебі бала оны қалыпты жағдай деп қабылдап, сіз үйреткен әдеп пен әдетті бойына сіңіріп, өсе келе өздігінен гигенаны сақтайтын болады. 

3a73321a6b28434f4404bf35ad871a24 (1).jpg

Балаңыздың алғашқы тістері түсіп, орнына қайта жаңадан тістер шыққан кезде оны сау күйінде сақтау сіздің қолыңызда. Тістер балаңыздың дұрыс сөйлеуіне және асқорыту жүйесі мен асқазан, ішек жолдарының дұрыс жұмыс жасап қалыптасуына әсерін тигізеді.  Бұл тістермен қатты заттарды жеп, тістеу арқылы кейінгі тістердің орнын қалыптастырып, тістің түзу және сау болуына ықпал етеді. Балалардың сүт тістері қақтың тұруы мен бактериялардың жиналуына өте бейім келеді. Сондықтан да балаңыздың тісін күтімге алып, ауырмаудың жолын қарастыру керек және алғашқы тістері шыға бастағанда, арнайы массажды щеткаларды тісіне тигізіп үйрету қажет. Сонда өсе келе бала тісті өзі жууға тез үйренеді. 

Бала 2 жастан бастап өздігінен жұмыс жасауға бейімделеді. Ал 3-4 жастан бастап ата-ана балаға тіс щеткасын пайдалану мен тісті жуып, таза сумен шаюдың жолдарын үйретуі керек. Баланың тістеріне зиян келтірмес үшін тіс пастасы мен щеткасын тіс дәрігерімен кеңесе отырып таңдаған дұрыс. Себебі кішкентай балаларға арналған тіс пастасы тәтті болғандықтан жеп қойып жатады. Ал мұның тәттілігі мен ішіндегі қоспалары ағзаға үлкен зиянын тигізеді. Осы орайда тіске зақым тигізу мен ағзаның улануынан сақтанудың жолын қарастыра жүру балаңыздың денсаулық кепілі бола алады. Есіңізде болсын, электрлі тіс щеткаларын тіс толық қалыптасып болғанша қолданбаған жөн. Сонымен қатар балаңызға тісті әр тамақтанудан соң тазалауға үйретіңіз немесе сумен шаю керектігін түсініріңіз. 

Баланың тіс щеткасы қандай болу керек? 

— Тіс щетканың сабы қалыңдау, баланың уысына ыңғайлы болуы қажет; 

— Щетканың басы жұмсақ, тісжегілерді ауыртпайтындай болу керек; 

— Тіс щетка көлденең бағытта жатқанда, міндетті түрде түзу болу қажет; 

— Тіс щеткасы  түрлі-түсті бояусыз болғаны жөн. Өйткені бояулар ағзаға түсіп, улану қаупі пайда болады. 

Тісті тазалау ережелері: 

— Тіс щеткасын жылы сумен жақсылап жуу; 

— Тіс пастасын белгілі мөлшерде салу; 

— Ауыз қуыстарын жылы сумен жақсылап шаю; 

— Щеткамен тік, көлденең, айналдыра жуу керек;

 — Щетканы жақсылап жылы сумен шайып, басын жоғарыға қаратып, тігінен стақанға салып қою керек

Дереккөз: massaget.kz

Бала иммунитетін қалай көтеруге болады?
Шаш түюдің зияны қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу