Алматы облысында мұғалім оқушыны шашынан тартып, иығынан ұрған

Oinet.kz 05-12-2025 61

Алматы облысының Қолашы ауылында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланып жатыр. Кадрда дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушының шашынан тартып, иығынан жұдырықпен ұрғаны көрінеді. Облыстық Білім басқармасы бұл дерек бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

Screenshot_3.jpg

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода ер адам орындықта отырған оқушыны шашынан тартып, кейін иығынан жұдырықпен ұрады. Артынша баланы өзіне қаратып, құлағынан тартады. Бұл жайт басқа оқушылардың көз алдында болған.

Білім басқармасы өкілі видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, басқарма өкілдері, аудандық білім бөлімі және мектеп қызметкерлерінен комиссия құрылып, қызметтік тергеу басталған.

"Тексеру барысында дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушыны ұрғанын мойындап, жазбаша түсініктеме берді. Өз өтініші бойынша атқарып жатқан қызметінен босатылды. Оқушының денсаулығына зиян келмегені анықталды", - деді Білім басқармасы өкілі.

Материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, тергеу басталған.

Қостанай облысында өгей қызына сексуалды қысым көрсеткен депутат өмір бойына сотталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу