Әйгілі атеистердің өлім алдындағы соңғы сөздері жұрттың жағасын ұстатты
13 – Рағыд сүресі: 31 аят. «Олар, егер Құран арқылы таулар жүргізіліп, жер бөлшектеніп және өліктер сөйлестірілсе де (сенбейді.) Алайда барлық іс Аллаға тән. Мүміндер аңғармады ма? Алла қаласа еді, адамдарды тұтас тура жолға салар еді. Қарсы болғандарға Алланың уәдесі келгенге дейін қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе жұрттарының маңына түседі. Күдіксіз Алла серттен таймайды». Құран Кәрім, қазақша мағына және түсінігі. 253 бет.
Бірде ғалымдар тобы зерттеу жүргізді. Мақсаты: өлім алдында әлемге мәшһүр атеисттердің соңғы сөздері, іс әрекеттері қандай болғанын анықтау болатын.
ФРИДРИХ НИЦШЕ - философ:
Есінен ауған күйінде темір торда иттерше үріп қайтыс болды.
ВОЛЬТЕР - ұлы сайқымазақ:
Оның соңғы сәттері тіпті қорқынышты. Түні бойы кешірім сұраумен азаптанды. Оның жеке медбикесі: «Еуропаның барлық ақшасын берсе де, мұндай өлімді қайта көрмес ем… имансыздың өлімін» деген екен.
ДАВИД ХЬЮМ — атеист. Өлім алдында бір сөзді қайталаумен болды: «Мен алаулаған от ішіндемін!» Оның зары өте қорқынышты болатын…
НАПОЛЕОН — император. Оның дәрігері өз естеліктерінде жазғаны осы: «Император толық жалғыздықта жанын тапсырды. Өліммен айқасы тіпті үрейлі көрінді»
ВОЛЬФГАНГ ГЁТЕ - ақын
«Жарық жетіспеуде!»
ЛЕНИН - Құдайсыз Кеңес үкіметін орнатқан. Азамат соғысында 22 млн адамды қырған. Мүрдесін жер әлі қабылдамай жатыр.
Толық ессіздікте қаза тапты. Миллиондаған адамдар үшін көсем болған ол, соңғы секундтарда үстелдер мен орындықтардан тізерлеп отырып кешірім сұраған.
УИНСТОН ЧЕРЧИЛЛЬ — ағылшын премьер- министрі:
«Неткен ақымақ едім!»
ЯРОСЛАВСКИЙ — атеисттік халықаралық ұйымның президенті:
«Өтінемін, менің бүкіл кітаптарымды өртеңіздер! Мен қателестім».
Бразилия саятсаткері Танкредо ди Амейдо Невес сайлау алды бағдарламасында:
«Егер мен 500 000 дауыс жинасам, ҚҰДАЙДЫҢ өзі тақтан мені тайдырмас» деген. Әрине, ол бұл дауысты жинады, бірақ президенттікті қабылдауға бір күн қалғанда жасынан ерте озды.
mazhab.kz