Шаш қай мезгілде тез өседі?

Oinet.kz 20-11-2019 2016

Сіз білесіз бе, аққұбалардың шашы басқалармен салыстырғанда қалыңырақ болады екен, шамамен 140 мыңдай. Ал қара шашты адамдардың шаш саны 100 мыңға жуық болса, жирен шашты жандардың басында 90 мыңдай шаш болады. Өмір бойы шашына қайшы тигізбей өсірген адамның әр шашының ұзындығын қосқанда орта есеппен 725 километрді құрайды екен. Күніне әр тал шаш шамамен 0.35 миллиметр өседі. Жылына 12 сантиметрге ұзарса, өмірінің соңына дейін ол 7,6 метрді құрайды. Шаш көбінде көктем мен жаз мезгілдерінде тез өседі. 

шаш.jpg

Ер адамдар бір күнде 40 тал шашынан айырылса, әйелдердің күніне 70 тал шашы түсетін көрінеді. Әлемде шаштың түсуіне қарсы 300 мың дәрі ойлап табылған. Бұл көрсеткіш басқа ауруларға қарсы дәрілерді басып озады. Шаштың беріктілігін алюминмен салыстыруға болады. Бір шаштың өзі 100 ден 200 грамға дейінгі салмақтағы затты ұстап тұруға шамасы келеді. Әйел адамның бұрымы екі жүз тал шаштан тұрады және ол 20 тонна салмақтағы затты көтеріп тұра алады. Славияндық дәстүр бойынша кішкентай балалардың шашын үш жасқа, тіпті, бес жасқа дейін қырықпайды екен. Салт бойынша баланың шашы өмір жолының кеңдігін білдіреді. Алғашқы шаш қою рәсімі салтанатты атап өтіледі.

Ауырмаудың амалын кім айтады?
Тіс пастасының тарихы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу