Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Ерте кездегі адамдар тістерін тазарту үшін ұнтақты пайдаланған екен. Қытай, Үнді және Еуропа елдері жануарлардың күйдірілген тұяғының ұнтағы мен кәдімгі жұмыртқа қабы-ғының үгітілген ұнтағын араластырып қолданған.
Нағыз тіс пастасы ХVІІІ ғасырда пайда болған. Дегенмен, бұл тіс пасталары адам бойына өте зиян болған, себебі ол фарфор ұнтағы мен кірпіш ұнтағының қоспасымен дайындалған. Бай адамдар оны тіс щеткасымен қолданса, қарапайым халық қолмен үйкеп пайдаланған. 1824 жылы осы ұнтаққа сабын қоспасы қосылса, 1850 жылы бор қосылған. Ал, 1873 жылы «Colgate» компаниясынан қазіргі тіс пасталары шығарыла бастаған.
Тіс пастасын таңдау да оңай емес
Қазіргі заманда тіс пастасы ең басты гигиеналық құралға айналып кетті десе болады. Мысалы, сіз кейде таңертең бетіңізге жай ғана су бүркіп, жұмысыңызға кете бересіз. Бірақ, тісіңізді міндетті түрде жуасыз. Жумасаңыз, дүкен аралап, сағыз іздеп әуре боласыз. Себебі, аузыңыздан шыққан жағымсыз иіс сізге қолайсыздық тудыратыны айдан анық. Осыған байланысты қазір қолданыста түрлі тіс пасталары бар. Жарнамалардан көзіңіз сүрініп, қайсысын таңдарыңызды білмей қаласыз. Сонымен, қандай тіс пастасы, қайсысы зиян?
Ең бірінші кезекте ескерек жайт, қант қосылмаған пасталарды пайдалану керек. Мүлдем. Себебі, қант тісіңізді құртады. Мұндай қант қосылған пасталар көбіне балаларға арналған. Сондықтан да мұндай абсурдты жарнама құрбаны болып кетпеген жөн. Еуропалық нұсқауға сәйкес, тіс пастасының құрамында сахароза мен басқа да фермент көміртектер болмауы тиіс. Және жарнамаларда көбіне гельді пасталар көп айтылады. Оның кәдімгі пасталардан айырмашылығы ұшан-теңіз деп те жатады. Ал, шындығында гельді пасталар қарапайым пасталардан тек мөлдірлігімен ғана ерекшеленеді. Жай паста құрамындағы кальций карбонаты (бор) мен титан диоксиді өнімге ақ түс береді. Айырмашылығы сол ғана. Гельді пастаға онша құмарта берген де жөн емес.
Сонымен қатар, соңғы кездері тісті ағартатын пасталар жайлы да көп айтыла бастады. Яғни, аталған пастаны ұзақ пайдалансаңыз, тісіңіз әжептеуір ағарып қалады екен-мыс. Бұл қаншалықты рас? Стамотолог мамандар мұндай пастаға сене беруге болмайды дейді. Себебі, паста өндірушілер жұртқа берген уәделерін орындауға тырысып, тіс пастасына абразивті (тегістеуші) ұнтақтар қосады. Оның көмегімен тісте тұрып қалған қақты ғана кетіреді. Тіс мамандарының айтуынша, негізінен, абразивтілік индексі RDA болатын тіс пасталары – ең жақсысы. Сезімтал тістерге арналған пастада бұл көрсеткіш 75-тен аспауы керек. Ал абразивтілік индексі 200 болса, бұл өнімді аптасына 1-2 рет қана қолданған дұрыс. Өйткені, мұндай пастаның құрамындағы қоспа тіс эмаліне зақым келтіреді.
Ал, тісжегіге қарсы тіс пасталарында триклозан мен хлоргексидин деген заттар болады. Олар – бактерия мен қабынуға қарсы мықты қорғаныс. Білікті стаматолог мамандар бұл қоспа зиянды микробтарды өлтіріп қана қоймай, ауыз қуысының табиғи микроортасын зақым-дайды дейді. Триклозан бұрын хирургияда тазалағыш құрал ретінде қолданылған болатын. Ол тістегі қақты кетіріп, қызыл иектің қабынуын тоқтатады. Триклозанды көп қолданған жағдайда, бактерияларда бұл препаратқа қарсы қасиеттер пайда болады. Бұдан соң антибиотиктер мен басқа да дәрілік заттардың тіске әсері әлдеқайда төмендейді. Сондықтан триклозаны бар тіс пасталарын 3-4 аптадан артық қолдануға болмайды.
Және теледидардан «бал қосылған» деген тіс пасталары жиі жарнамалатын болды. Шындығында бұл сөз жай ғана жарнама үшін айтылады. Мұндай тіс пасталарына балға ұқсас түрлі иістендіргіштер мен дәмдеуіштер қосылады.
Соңғы кездері пастадан бөлек, тіс тазалайтын ұнтақтар нарыққа шыға бастады. Яғни, мұндай ұнтақты кез-келген жерде аузыңызды шая бересіз. Дегенмен, бұл да тіске зиян екен. Себебі, ұнтақ салынған қорапта бактериялар тез көбейеді. Екіншіден, мұндай ұнтақ тіс эмалін бұзады. Балаларға өте зиян.
Және сауда орталықтарына барғанда біз көбіне ақшамызды үнемдеп, арзандау тіс пастасын алып жататынымыз жасырын емес. Дегенмен, бір ескере кетер нәрсе, денсаулыққа келгенде, ақшаны орынсыз үнемдеп қалуға болмайды. Себебі, арзан дәрі, витамин, тіс пасталары сіздің денсаулығыңызды нығайтпайды, керісінше, нашарлатады. Дүкенге барсаңыз неғұрлым қымбатырақ тіс пастасын алуға тырысыңыз. Себебі, тіс пастасының бағасы артқан сайын, құрамы да күрделі болады. Зиянды қоспалар үлесі де азая береді.
Балаларға кез-келген тіс пастсын қолдануға болмайды. Пародонтозға қарсы, ағартатын, көп мөлшерде фтор қосылған тіс пасталары бар. Олар ересектерге арналған. Балаларда тіс эмалі нәзік келеді. Сондықтан балалар үшін шығарылған арнайы пасталарды қолдану керек. Эмальді қатайту үшін балаларына фтор қосылған тіс пасталарын алатын ата-аналар көп. Олар қателеседі. Тіс эмаліне қажетті фтордың мөлшері өте шектеулі. Ол мөлшерді тіс пастасы арқылы қадағалау мүмкін емес. Өйткені, кейде бала пастаны жұтып та қояды. Фторды ұзақ уақыт пайдаланған жағдайда ол сау тістегі кальцийді ығыстырады. Нәтижесінде тіс сынғыш келіп, бала флюороз ауруына шалдығады.
Тіс пастасының құрамында химиялық қоспалар өте көп. Мәселен, глицерин пастаның тез кеуіп кетпеуі үшін қосылады. Ал парафин өнімге жабысқыш қасиет береді. Бұлар асқазанға түскенде, оны тітіркендіріп, зақымдайды. Тіс пастасына ментол да қосылады. Ол жүрек-қан тамырлары жүйесіне зиян. Жүрегі ауыратын адамдар ментол қосылған тіс пастасын пайдаланбағаны жөн. Пастаның құрамында формальдегид де бар. Ол – өте улы зат. Егер формальдегид ас қорыту жолдарына жиі түсе берсе, көру қабілетін нашарлатады, бүйрек пен бауырдың жұмысын бұзады.
Стаматолог мамандардан соңғы кеңес, тіс щеткасынан бөлек, тіс пастасын да жиі өзгертіп тұрған дұрыс. Бір пастаға үйреніп қалмау үшін екі немесе одан да көп түрін пайдалану керек. Оның үстіне, бұл тістің түрлі ақауларын шешуге көмектеседі. Таңертең бір түрін, жатар алдында басқа түрін қолданған тиімді.