Ең еріншек адамдарға арналған жаттығулар (тіпті орнына тұрудың да қажеті жоқ)

Oinet.kz 16-08-2019 1299

upl_1531062574_319140.jpg

Қолымен шәйнек көтеруге ерінетін, жаттығуды жаны сүймейтін, сонау мектеп кездерінен денесі спорт зал көрмеген адамдардың денсаулықтары жақсы болады деу қиын-ақ. Сондықтан біз тіпті ең еріншек адамдар да ерінбейтін жаттығу түрлерін қарастырдық.

Нөмірі 1 жалқау жаттығу.

Бұл жалқау жаттығуда сіз жайылған матраста жатып созыласыз. Иә, тұрып емес, тіпті отырып та емес, жатып. ヅ

Мұндай жаттығулар легі өте көп. Алайда ерінетіндер үшін оларды қарап, әуре болмай, тек созыла берсеңіз болды. Барынша ұзақ уақытыңызды кетіріңіз. Аяғыңызды қолыңызға, басыңызды тізеңізге тигізіп жаттығу жасаңыз.

Нөмірі 2 жалқау жаттығу.

Хауызда әрлі-берлі жүзіңіз. Ол үшін арнайы тренермен жаттығу сіз үшін ауыр болуы мүмкін. Сондықтан қарапайым хауызға барып, өзіңізді теңізде жатырмын деп ойлап жүзіңіз. Жүзу денсаулыққа өте пайдалы әрі денеңіз де ширақ боладв, біршама.

Нөмірі 3 жалқау жаттығу.

Таңертеңгілік йога. Еріншек адамдардың таңертең төсектен созылып, тұрмай қоятыны белгілі ғой. Сондықтан сол ұйқыны аша алмай отырған сәтіңізде сізге йогамен айналысуға керемет мүмкіндік. Йога жайлы мәлімет youtube-тан қараңыз.

Нөмірі 4 жалқау жаттығу.

Аквааэробика. Аэробика негізінен ауыр спорт түріне жатады. Ал аэробикамен су ішінде айналыссаңыз жаттығудың ауырлығы бәсеңдейді.

Нөмірі 5 жалқау жаттығу.

Айнаға қарап билеу. Би де жаттығудың жеңіл түрі. Би ләззат алатын жаттығу болғандықтан, көптеген атақты адамдар спорттың осы бір түрімен айналысқанды ұнатады. Сіз де уақытыңызды құр жібермей, бос уақытыңызда айна алдында шыр айналып билей беріңіз.

Тайм және менеджментпен өмір сүру мүмкін бе?
Күлкіні сөмкеңде арқалап жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу