Еңбекқор балташыға қарағанда көп отын шапқан ақылды еріншек

Oinet.kz 23-10-2022 943

Бір орманда екі адам ағаш шабады екен. Бірінші адам таңертең ерте ұйқысынан оянып, бір ағаш шапса, дереу екіншісіне өтіп тыным таппайды. Таңнан қара кешке дейін дәл осылай еңбектеніп, тынығу дегенді білмейді. 

Screenshot_5.jpg

Тіпті түскі тамақты да ұмытып кететін болыпты. Кешкісін әлгі досынан бірнеше сағат кейін үйіне қайтады екен. Екінші адам болса, ағаш шауып түсірген сайын біраз отырып тынығып, қас қарая бастағанда, үйіне қайтып кететін болыпты.

Бір апта бойы осылай еңбектенгеннен кейін, бір апталық ағаштарын санайық депті. Нәтижесінде, екінші адамның шапқан ағаштары көбірек екендігі мәлім болыпты.

Бірінші адам ызаға булығып, қасындағы адамнан мұның сырын сұрайды. Екінші адам азғана езу тартып былай деп жауап қатады:

– Мұның анау айтқандай сыры жоқ. Сен тынбай еңбектенесің. Ал мен кей-кейде тынығып отырып, балтамды қайрап алам. Өткір балтамен жұмыс істеу жұмысты жеңілдетеді әрі шаршамайсың.

Ғибратнама: Өз-өзіңді жетілдіру, балтаны қайрағанға ұқсайды. Өз-өзімізге уақыт бөліп, істің көзін табуымыз керек. Кемшіліктеріміз болса толықтырып жетілдіре түсуіміз қажет. Бұл рухани жан-дүниеміз бен ой-өрісіміздің кеңеюіне көп септігін тигізеді.

Тапқыр кедей өркөкірек байды әбден састырды
Бүкіл еркек үйленуге асыққан әлемдегі ең сұлу қыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу