Тапқыр кедей өркөкірек байды әбден састырды
Бір бай үйіне қонақ шақырып, ас беріпті. Олардың арасында бір кедей де отырыпты. Дастархан басында отырған ақсүйек, байлардың алдына үлкен балық, ал өзінің алдына кіп-кішкентай балық салынғанын көріп, кедей қатты ренжиді. Содан соң балықты қолына алып, құлағына әлденелерді сыбырлай бастайды. Сыйлы қонақтар аң-таң болып, не сыбырлағанын сұрайды. Кедей:
- Әкем балықшы болған еді, бір күні суға кетіп өлді. Балықтан "әкемді көрмедің бе?" деп сұрап жатырмын, - дейді.
Ал балық маған: "Мен кіп-кішкентай балықпын, оны қайдан білейін? Ана табақтардағы үлкен балықтардан сұра. Олар менен ересектеу, мүмкін солар білетін шығар" - деп жатыр.
Үй иесі бай ұялып, кедей қонақтың алдына да үлкен балық әкеліп қойыпты.