Тайм және менеджментпен өмір сүру мүмкін бе?

Oinet.kz 16-08-2019 1342

Preview-min-11-770x470.jpg

Уақыт біз ұстап тұра алмайтын, бақылап отыра алмайтын дүние екендігін ескерсек тайм және менеджменттің мәні бар ма?

Әр адамның уақыт жайлы түсінігі әртүрлі. Бірі уақытын жоспарлы өткізеді, біреуі жоспарсыз. Дегенмен де өмір өз ағымымен жүргені дұрыс емес пе сіздіңше? Уақытты жоспарлау сізді қыспаққа алуы мүмкін ғой. Себебі сіздің уақытыңыз жетпеген, уақытылы орындалмаған жұмыстарыңыз сізге ауыртпалық алып келеді. Сіздің уақыт пен менеджментіңіз сізді стресс және менеджментуке алып келіп жүрмесін.

Брайан Трейси әлемге әйгілі миллиардер, алайда Брайан ақшасымен емес «Тайм және менеджмент» кітабымен әйгілі болады. Кітапта әр адам өз уақытының иесі екендігі айтылған. Уақытын жоспарламаған адамның байлықтан ауылы алыс екен-міс. 

Дегенмен де атақты Брайан  бір нәрсені ұмытқан секілді. Уақыт жоспарланбайды, жұмыс жоспарланады. Әуелде жоспар сөзі тек жұмыс сөзімен тіркесте болған. 

Интернет беттерінде көпті көргендер уақытты қалай басқару, жоспарлау, күніңде бос орын қалдырмау керектігі жөнінде жырлап жатады. Алайда адамдар оны істеуге қауқарсыз. Ешкім адам қабілетін дұрыс ескермейтіндей тап. Адам – ең алдымен адам, ол демалуға, кез келген уақытында сүйікті ісімен айналысуға құқылы. Ол нақ 3-4 арасында емес басқа уақытта демалғысы келетін болар, бәлкім. Ал демалуға белгіленген уақытында ол энергияға толы, жұмысқа деген қарқыны жақсы болып тұрса қайтпен.

Тайм және менеджмент уақытты басқарумен бірге, өзіңді қыспаққа алу, уақытын жоспарлап табысқа жеткендер саусақпен санарлы болар. Жә, ондай адам шынымен де бар болса, респект. Ал уақытын жоспарламай ақ өзен ағысымен жүзіп отырып, үлкен табысқа жеткендер де жетерлік екендігін ескерсеңіз екен.

Жігітке қандай сыйлық беруге болады?
Ең еріншек адамдарға арналған жаттығулар (тіпті орнына тұрудың да қажеті жоқ)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу