Сұлулар білуі тиіс 15 термин

Oinet.kz 05-10-2020 800

Қазір сұлулық салондарының ұсынатын қызметтерінен бас айналады. Мезотерапияның биоревитализациядан айырмашылығын неде? Ботокс пен лифтинг деген не? Бұл сұрақтардың жауабы төменде

БИОАРМИРЛЕУ
Биоармирлеу (биоармирование) бұл бет әлпетін реттеуге, бұрынғы контурларды қалпына келтіруге және ұсақ әжімдерді кетіруге мүмкіндік береді. Инъекция көмегімен құрамында гиалурон қышқылы бар арнайы гель енгізіледі. Дәрігер бет ерекшелігін ескере отырып, белгілі бір схема бойынша гельді егеді. Бұл гель торшалардың эластин мен коллагенді барынша шығаруына әсер етеі, нәтижесінде бет терісін қалыпта ұстап тұратын каркас тәрізді біріктіретін тін қалыптасады.

БИОРЕВИТАЛИЗАЦИЯ
Биоревитализация — бұл гиалурон қышқылының инъекциясы. Бұл процедураны бетте ұсақ әжімдер пайда болғанда, бет реңі күңгірт тартқанда, ылғал азайғанда жасайды. Бірінші рет жасағаннан-ақ өзгерістер байқалады: әжімдер жазылады, тері жарқырап, ағара түседі. Биоревитализация мезотерапиядан ерекшелігі оныңң эпидермистің тереңірек қабатына жіберілуінде.

БЛЕФАРОПЛАСТИКА
Блефаропластика — жас ұлғаюына байланысты ауырлаған, түксиген қабақты кесуіп алып тастаудың хирургиялық әдісі.

БОТОКС
Әдеттте елдер ботокс жасаттым дегенді көп естиміз. Бірақ, шын мәнісінде ботокс — бұл теріге инъекциялық әдіспен енгізілетін дәрілік препарат. Препарат мимикалық әжімдерді бұғаттайтын ботулотоксиннен тұрады. Ботулотоксин егілген соң бұлшықеттер еркін күйге енеді. Ботокс көмегімен көз айналасындағы, маңдайдағы әжімдерді жазуға болады. Процедура сапалы жасалса, әсері 6-9 айға дейін сақталады.

КАРБОКСИТЕРАПИЯ
Карбокситерапия — бұл көмірқышқыл газы (CO2) инъекцияларына негізделген жасарту әдістемесі. Таңданатын жағдайда, бірақ көмірқышқыл газы тіндердегі оттек жеткіліксіздігімен кұреседі. Ал оттегі жетіспеушілігі өзіңіз білетіндей, терінің қартаюына әкеледі. Процедура барысында жіңішке инелері бар арнайы пистолетпен терінің орта қабатына енгізіледі. Әдетте, нәтиже көзге түсуі үшін 5-10 сеанс қажет.

КРИОДЕРМАБРАЗИЯ
Криодермабразия — бұл өте төмен температуралар көмегімен теріні тазалау. Процедура сонымен қатар, бетке түскен дақтар мен тыртықтардан тазарта алады. Бірнеше кезеңмен жасалады. Бет бірнеше учаскеге бөлініп, арнайы аппаратпен процедура (криодеструкция) жасалады.

ЛИМФОДРЕНАЖ МАССАЖЫ
Лимфа жүйесі — иммунитет негізі. Лимфа ағзадан микробтарды, вирустарды, токсиндерді, өлі торшаларды шығарады, торшалар арасындағы артық сұйықтықты шығарады. Егер адам аз қозғалса немесе дұрыс тамақтанбса, ағзадағы лимфада іркіліс болады. Осының салдарының тері күңгірт реңге ие болып, салбырай бастайды. Лимфадренажды массаж міндеті — қан циркуляциясын жақсарту, ісікті қайтару, тері тонусын қалпына келтіру. Бұл массаж түрі қолмен немесе аппаратпен жасалуы мүмкін. Ал процедуралардың курсынан соң (сапалы жасалса) тері тартылып, реңі жақсарады.

ЛИФТИНГ
Лифтинг деп теріні тартатын кез келген процедура аталады. Лифтинг косметологиялық (аппаратпен жасалатын) және операциялық болуы мүмкін.

МЕЗОТЕРАПИЯ
Мезотерапия — бұл процедура кезінде дәрілік препарат жіңішке инелер көмегімен терінің ортаңғы қабатына енгізіледі. Әдетте инъекциялар белгілі бір коктейлдерден жасалады. Көбінесе мұндай препараттарға гиалурон қышқылы, аминқышқылдары мен поливитаминдер кіреді.

МИОСТИМУЛЯЦИЯ
Миостимуляция — бұл қанайналымын жақсартып, зат алмасу процестерін жылдамдататын электр пульстері есебінен бұлшықеттерге әсер ететін процедура. Миостимуляция бетке де, жалпы денеге де жасалады. Бетіңізге жасалса, әжімдерді азайтады. ал денеге жасалған миостимуляция артық сантиметрлерден арылтады.

ПЛАЗМОЛИФТИНГ
Плазмолифтинг — бұл пациенттің өз плазмасы инъекцияларымен жасарту процедурасы. Алдымен күре тамырдан қан алынып, центрифугаға салынады. Қан компоненттерге бөлінеді, оның бірі плазма. Осы плазманы проблемалы тұстарға (көз, маңдай, мұрын айналасы) енгізіледі.

СОФТЛИФТИНГ
Софтлифтинг — бұл гиалурон қышқылының негізіндегі филлерлер енгізілетін хирургиялық жасарту процедурасы. Софтлифтинг ерекшелігі әркімнің ерекшелігіне байланысты филлердің орналасу тереңдігін таңдауға болады. Кейде филлерді тері астына емес, бұлшықет тіндеріне енгізеді. Софтлифинг әдетте 60 асқан әйелдерге ұсынылады.

ТЕРМАЖ
Термаж — бет терісін операциясыз тарту. ThermaCool аппараты коллагеннің жасалуына ықпал етіп, айнымалы электр магнитті өріспен проблемалы тұстарға әсер етіледі. Бүгінгі таңда бұл әдіс ең озық әрі танымал болып саналады. Себебі термаж терінің ең терең қабаттарына әсер етіп, жақсы нәтиже бере алады.

ФИЛЛЕР
Филлер (дерма толтырғыш) — бұл инъекция көмегімен теріге енгізілетін материал. Филлерлердің тығыздығына байланысты бірнеше түрі болады. Олардың барлығы гиалурон қышқылдарына негізделеді. Филлер көмегімен бетіңізді бүйрекбет етіп, атжақты бола аласызз. Тіпті мұрныңыздың пішінін өзгертуге болады.

ФРАКЦИЯЛЫҚ ШЛИФ
Фракциялық шлиф — дене мен бет терісін тартудың операциясыз түрі. Ол Fraxel аппаратында арнайы лазер көмегімен орындалады. Оның әсерімен тері коллагенді жасап шығарып, жаңа талшықтар түзеді. Оның әсері ұзақ мерзімді, яғни жарты жыл ішінде 2-3 процедура жасап бетіңіздің біртіндеп тегістелгенін байқайсыз.


Парфюм таңдай білесіз бе?
Тырнақ күтіміне арналған маскалар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу