Нұр-Сұлтанда МӘМС жарнасын аударатын терминалдар орнатылады

Oinet.kz 22-10-2019 1083

Елордада МӘМС жарнасын аударуға болатын терминалдар орнатылады

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова емханаларда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жарнасын аударуға болатын терминалдар орнатылады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазір Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры емханаларға жарналарды аудару мәселесін пысықтап жатыр. Яғни, кез келген азамат емханаға барған кезінде айлық жарнаны сол терминал арқылы төлей алады. Бұл терминал өзін өзі жұмыспен қамтығандарға қатысты. Сома – 2250 теңгені құрайды», - деді Сәуле Қисықова. 

Басқарма басшысының айтуына қарағанда, жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына 26 млрд теңге аударған. Бұл сома 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қыркүйегі аралығында жиналып отыр. 

«1 қарашаға дейін терминалдар барлық емханаларда орнатылады», - деді Сәуле Қисықова.

Шымкентте жылу бағасы көтерілуі мүмкін
Ақмола облысында қыс басталмай жатып екі адам үсіп өлді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу