Газдалған судың ағзаға әсері қандай?
Газдалған суды кәрі-жас деми жақсы көреді. Бөлек дәм мен салқындығына құмарлықтан соң кейде өзімізді жайсыз сезінеміз. Сараптап көрелік, газдалған су пайдалы ма әлде зиян ба?
Жарнамада калориясы 0% деп көрсететін сусынға сенбеңіз. Теориялық түрде бұл мүмкін емес. Қарсы көрсетілімдері болмауы мүмкін. Дегенмен өнімнің химиялық қоспаларын елеп жүріңіз.
Газдалған судың құрамы мен калория мөлшері
Газды судың құрамында су мен көмірқышқыл газы болады (10 г/л-ден). Оған хош иістендіргіш, тәтті мен бояғыш қосылуы мүмкін. Табиғи газдалған суда жүз граммда 0,1 ккал болады.
Бір стақанда (250 мл) тәтті газдалған суда шамамен 150 ккал болады. Құрамдағы калория мөлшері қосымша компоненттерге байланысты. Газдалған суға ортофосфор, маль, лимон қышқылдары, сондай-ақ кофеин қосылады. Қоспаларға байланысты өнім ағзаға зиянды болуы мүмкін.
Газдалған су пайдалы ма?
Дәрігерлер газды судың құрамындағы қоспалардың түріне баса назар аудару қажеттігін айтады. Қоспадағы газ түрі пайдалы болуын анықтайды. Табиғи газ арқылы көптеген ауруларды емдесе болады. Себебі оның құрамында ағзаға қажетті элементтер көптеп кездеседі.
Тәтті дімді газдалған суларда не ерекшелік бар?
Тәтті газдалған судың кей түрлері адамға шынында пайдалы. Дәрілік шөп қосылатын газдалған сулар да баршылық.
Мысалы, мына лимонадтар:
Тархун – эстрагонның құрамына байланысты асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады, тәбетті арттырады;
Дюшес – шөлді басып, артық суды кетіреді;
Саян – құрамында аскорбин қышқылы, лимон сығындысы, шаршауды жеңілдететін таниндер бар.
Бұл консерванттарсыз табиғи сусындар туралы ақпар. Қалған (қоспасы бар) лимонадтар пайдадан гөрі көп зиян келтіреді.
Газдалған минералды су
Қантсыз сусын ағзаға оң әсер етеді. Оны дұрыс таңдау және пайдалану қажет. Артықшылықтарын зерттеп, газдалған суды ішу пайдалы :
асқазанның жұмысын жақсартады;
жасушаларды толықтырады және бұлшықет тонусын сақтайды;
сүйектердің сынғыштығының алдын алады;
Емдік және ас суының көптеген түрлері бар. Ас суын еш зерделемей ішуге болады. Дегенмен емдік суды зерттеп тұтынан абзал. Минерал препараттың компоненттерімен реакцияға түсуі ықтимал. Нәтижесінде препараттың әсері күшейеді немесе әлсірейді.Сондықтан дәріні қарапайым сумен ішкен дұрыс.
Қандай газды суды балаларға беруге болмайды?
Газдалған суға арналған сиропсыз минералды су тұтынуға рұқсат етілген. Балалар үшін сусындарды мұқият таңдау қажет. Мысалы, 250 мл лимонадта 4 ас қасық қант бар. Балалар дәм қоспаларына байланысты әлдеқайда көп стакан ішеді.
Аналарды «балаларға тәтті газдалған су ішуге бола ма?» деген сауал мазалайды. Балдырғандар лимонад ішуге болмайды. Өйткені олар эндокриндік және сүйек жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының, тістердің бұзылуына әсер етеді. Балаларғақант қосылған су берерде құрамы мен әсерін пайымдау қажет. Балаларда: кариес, артық салмақ, гастрит және басқа аурулар туындауы мүмкін.
Жүкті және бала емізетін адамдарға газдалған суды ішуге бола ма?
Көмірқышқыл газы көбінесе асқазанда жиналып, ыңғайсыздық тудырады. Осы себепті газбен минералды су ішу ұсынылмайды. Сонымен қатар, синтетикалық заттар кальцийдің сіңуін блоктау арқылы ұрықтың дамуына әсер етуі мүмкін. Қант пен бояғыш қосылған лимонадқа тыйым салынады. Рационда ас суына артықшылық берген дұрыс.
Газдалған су арықтауға пайдалы ма?
Газды судан тәбет жоғалады. Бұл әдіс салмақ жоғалтудың тиімді түрі. Қантсыз су құрамында майлар, көмірсулар мен ақуыздар жоқ, энергия мәні нөлге тең. Диета кезінде оны ішуге рұқсат етіледі, бірақ шектік мөлшермен. Газдалған судың зияны мен пайдасы бірнеше рет дәлелденді. Сусындарды шамадан тыс тұтыну іштің кебуіне әкеіп, ыңғайсыздық тудырады. Көптеген консерванттары бар лимонадтар тек зиянды. Олар салмақ жоғалту процесін тежеп қана қоймайды, сонымен қатар тістердің, асқазанның, терінің зақымдануына әкеледі.
Суреттер ашық дереккөзден алынды