Әжем берген түйіншек жолымды ашты
25-09-2022
Техникаға жақын бүгінгі күні адамдардың көру қабілеті нашарлаған. Танымал окулист Евгений Брабхэм компьютер, телефон қолдану барысында мына жаттығуларды жасауға кеңес береді.
Көздің қарашығын айналдыру
Көзді 6 рет баяу жоғары-төмен жылжытыңыз. Кейін 6 рет көзіңізді солдан оңға қарай жылжытыңыз.
Айналаңызға қарау барысында сол жақтағы заттарға көбірек көңіл бөлсеңіз, оңайырақ болады
Қолмен қысу
Көзді жұмып, терең тыныс алыңыз. Алақаныңызды бір-біріне үйкеп жылытыңыз. Содан кейін ыстық алақаныңызды көзіңізге қойып, баяу онға дейін санаңыз.
Шеңбер жасаңыз
Қарашығыңызды сағат тілінің бағытымен 4 рет айналдырыңыз. Содан соң кері бағытта 4 рет шеңбер жасап айналдырыңыз. Бұл жаттығуды баяу жасап, айналаңыздағы заттарға зер салу арқылы орындаңыз!
Саусағыңызды қолданыңыз
Қолыңызды алдыңызда созыңыз, бас бармағыңызды жоғары көтеріп, тырнағыңызға қараңыз.
Енді 10 рет қолыңызды мұрынға жақындатып, тырнақтың кеңістіктегі қозғалысын жіті қадағалаңыз.
Көзді ашып-жұмыңыз
Қорытындылай келе, көзіңізді 5-6 секунд қатты жұмып, қабағыңызды жиырыңыз . Содан кейін көзіңізді бірден ашыңыз. Жаттығуды 10 рет қайталаңыз.
Суреттер ашық дереккөзден алынды