Күннен күюге қарсы табиғи дәрі-дәрмектер

Oinet.kz 31-03-2020 1176

Күнге күйіп қалу әркез күтпеген және ауыртпалықты тудырады. Бірақ жедел жәрдем шақыруға асықпаңыз, өзіңіздің асханаңызда бұл қиыншыдықты жеңетін заттар табылады.

tips-for-treating-a-bad-sunburn-1080x645-1024x612.jpg1.Қолданылған әрі сенімді бұрыннан келе жатқан тәсіл – қаймақ. Бұл тізімге айран, йогурт және басқаларында жатқызуға болады. Сүт өнімдерін кейіндеу жей бересіз, қазір күйген жерге 10-15 минут бойына жағып тұрыңыз. Сосын жуып тастаңыз.

2. Егер сіз өз теріңіздің жәйін білетін болсаңыз, онда жаздың алғашқы күнінен-ақ сақтану шараларын жасаңыз. Алоэ гелін мұз қалыптарына құйып, қатырып алыңыз. Ауырсынуды жеңілдету керек кезде зақымданған жерге алоэ гелі салынған мұз текшені байлап қойыңыз.

3. Балғын, жаңа кесілген алоэ жапырағы гельден кем емес. Жапырақты шырыны шығып тұратындай кесіп, күйген жеріңізге жағып отырыңыз. Шаюдың қажеті жоқ. 

4. Қияр маскасы. Шеңбер тәрізділерін бетіңізге жағып, басқаларын үккіштен өткізіп, күйген жерге ақырын жағыңыз. Ал егер қияр болмаса, онда орнына картопты пайдалансаңыз да болады. 

5. Айтпақшы, крахмал жайлы ұмытыппыз. Крахмалдан жасалған кисел мен суды қайнатып, суығанын күтеміз.  Дайын болған қоспа қышуды басып, ауырсынуды қояды.

6. Көк шәй – күйікке қарсы ең жақсы компресс. Тек оны ыстықтай қолданбаңыз. 

7. Айва тұқымына қайнаған су құйып, 5 минут шайқап, кейін дәкемен тартыңыз. Алынған шырышты күйген жерге күніне 1-2 рет жағыңыз. Бұл процедураны бір мезетте 3-4 рет араға 10-15 минут салып жасау қажет.

8. Қырыққабат жапырағы салқын болады. Қырыққабат жапырағын күцген жерге басып, салқындатыңыз. 

9. Емен күйіп қалған жерге 10-20 % емен шырыны қолданылады, яғни 20-40 г қабықты 200 мл суға салып қайнатып аламыз. Дайын болған шырынды суытып, күйген жерге 5-10 минут бойына жағып тұрыңыз.

10. Ал егер үйде ештеңе қалмаған болса, онда сүлгіні салқын суға батырып күйген жерге қойыңыз. Тек жақпаңыз. Сүлгі қызғасын, басқасына ауыстырыңыз. 

Ағзаны токсиндерден (шлактан) қалай тазалаймыз?
Тез өкпелеудің 5 себебі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу