Ағзаны токсиндерден (шлактан) қалай тазалаймыз?
Егер адам дұрыс өмір салтын ұстанбаса, яғни алкоголь ішіп, темекі шегіп және дұрыс тамақтанбаса оның денсаулығы нашарлайтыны анық. Сондықтан дұрыс өмір салтын ұстанып, уақытылы ағзаны зиянды токсиндерден тазалап тұру маңызды. Бақытымызға орай, үй жағдайында ағзаны зиянды шлактардан тазалай аламыз.
Үй жағдайында ағзаны токсиндерден қалай тазалаймыз?
Көк шәй
Ағзаны зиянды токсиндерден тазалауға күнделікті тұтынатын көк шәйдің тигізер пайдасы көп. Күніне 1 литр қантсыз көк шәй ішу қажет. Бірақ көк шәйға мүлдем қант қосуға болмайды, өйткені қант оның бойындағы барша пайдалы заттарды жойып жібереді. Көк шәй ішу тәсілімен сіз тек ағзаңызды тазалап қана қоймай, сонымен бірге арықтай бастайсыз. Әрі көк шәй тырнақтың, шаштың және терінің жағдайына да оң әсерін тигізеді. Сол үшін көк шәйді уақытылы ішіп тұруды ұмытпаған жөн. Тек көк шәйді әркез ыстық немесе жылы күйде ішіңіз. Өйткені, суыған көк шәйдің құрамындағы пайдалы заттар өліп қалады.
Белсендірілген көмір
Ағзаны токсиндерден тазалау барысында сіз кез келген дәріханада сататын белсендірілген көмірді қолдана аласыз. Бұл белсендірілген көмірді 8-10 күн бойын іше берсеңіз болдаы, ешқандай зиянды қасиеті жоқ. Сізге мұндай препаратты дұрыс қолдана білу маңызды, яғни әрбір 10 келіге 1 таблетка ішесіз. Нақтырақ айтқагда, егер 50 келі болсаңыз 5 таблетка, ал 80 келі болсаңыз 8 таблетка қаьылдайсыз. Бастысы күнделікті ішуді ұмытпаңыз. Сонда күтілген нәтижеге қол жеткізесіз және әдемі арықтайсыз.
Сүт өнімдері
Кейбір сүт өнімдері ағзаны зиянды токсиндерден тазалауға көмектеседі. Мәселен, айран, йогурт және кәдімгі сүт. Егер адам ағзасын толығымен тазалап әрі арықтауды жоспарласа, онда бірнеше апрта тек сүт диетасына отырған дұрыс. Мұндай диета ағзаға көп пайдасын тигізеді әрі бұл емнен соң адам өзің керемет сезіне алады.
Қызылша
Қызылша да ағзаны тазалауға әрі арықтауға көп көмектеседі. Оны кез келген түрде жеуге болады яғни қайнатылған, шикілей, пісірілген немесе бұқтырылған түрде жеседе болады. Әрі қызылша шырының күніне бір стакан түрінде ішсе де болады. Қызылшадан бөлек қырыққабат, сәбіз, алма, және болгар бұрышы да ағзаны тазалауға көмектеседі. Бұл көкөністерді денсаулыққа пайдалы болуы үшін диетаға қосып жесе болады.
Сұлы
Сұлы ағзаны тазалауға жақсы көмектеседі. Сұлыдан пайдалы жарма немесе тамаққа азғана мөлшерде қосса да болады. Сондай-ақ, айран мен шикі сұлы майынан ағзаны тазалайтын арнайы тағам дайындаса да болады. Дайындау үшін бір стакан қантсыз айранға бірнеше қасық сұлыны салып, сұлы майы сіңіп болғанша кішкене уақыт күтеміз. Дайын болған жарманы жесе болады. Айран мен сұлыдан дайындаған пайдалы жарманы 14-15 күн бойына жеу қажет болады.