Баланың тамағына бір нәрсе тұрып қалса

Oinet.kz 15-03-2020

Ұстаған нәрсесін аузына салуға құмартатын балалар белгісіз нәрселерді жұтып қойғанда тыныс ала алмай, қақалып қалуы мүмкін. Баланың қалыпты дем алуы үшін тамағына кеткен затты дереу шығаруға тырысу керек.

1519727682_balalala.jpg

Мұндай жағдайда балаға қандай көмек көрсету керек?

  • Бала кішкентай нәресте болса, аяқтарынан біріктіріп ұстап, баланы төмен қарай салбыратып, жауырынының ортасынан 3-4 рет қатты ұрып, сипалау керек.

  • Одан үлкен балаларды ішімен екі аяқтың үстіне жатқызып, арқасынан (төменнен жоғары қарай) алақанмен жылдам ұру керек. Өкпесіндегі ауаның бірден сыртқа шығуымен, тамаққа тұрып қалған зат та шығуы мүмкін.

  • Үлкен балаларды қолтығының астынан, арқасынан құшақтап тұрып, қолдарын біріктіріп, қатты қысып сілку керек болады.

  • Бұларды жасап жатқанда баланың аузын бақылып тұру керек. Егер бөтен нәрсе көрінсе, қолмен алып тастауға тырысу керек. Бірақ қолды тамақтың ішіне қарай сұқпаған жөн.

  • Түрегеп тұрған баланың арқасынан ұруға болмайды. Өйткені жұтқан затын одан да төмендетіп, жағдайды қиындатып алуымыз мүмкін. Жоғарыдағы әрекеттерден кейін жұтқан заты шықпаса, дереу жедел жәрдем шақыру керек.

Лимон 7 аурудың алдын алады
Лавр жапырағының адам денсаулығына пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу