Сабынның қалдықтарын қалай қолдансақ болады?

Oinet.kz 10-02-2020 3907

Көптеген адамдар сабынның қалдықтарын қолданыссыз қалдырып, тастап жібереді. Бұл дұрыс емес! Сабын қалдықтарын қолданудың бірнеше тәсілін ұсынамыз. Пайдаңызға асары сөзсіз. 

836343-1565559627.jpg

1. Микротолқынды пештің арқасында жаңа сабын жасаңыз

Әуелі сабын қалдықтарын жинаймыз. Біреуін ерітіп қөру арқылы сабын иісінің өзіңізде жағымсыз әсер қалдырмайтынына көз жеткізіп алыңыз. Содан кейін сабынның барлық бөліктерін ұнтақтаңыз және оларды микротолқынды пеште жылытуға болатын ыдысқа салыңыз. Аздап ыстық су құйыңыз. 15-20 секунд ішінде массаны қыздыру үшін микротолқынды пешке салыңыз. Айта кететін маңызды жәйт! Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, өзіңізді күйдіріп алмау үшін қорғаныш қолғапты қолданыңыз абзал. Сабын қоспасын алып, жақсылап араластырыңыз. Қажет болса, өз қалауыңызбен ұнтақталған кофе, эфир майын, кокос жаңғағын немесе гүлшоғырын қоссаңызда болады. Содан кейін арнайы қалыптарды маймен майлап, қоспаны оларға құйып, бөлме температурасында қатайту үшін қалдырыңыз.

187-1-427a22607849c3080067a8fdd094d827.jpg

2. Жуынатын сұйықтық дайындаймыз

Бізге қажет:

200 - 250 гр сабын қалдығы

2 литр ыстық су

100 гр кальциленген сода 

Сабын қалдықтарын үккіште ысқылап, содан кейін су мен сода қосып, бәрін блендермен жақсылап араластырыңыз. Нәтижесінде әртүрлі беттерді жууға арналған тамаша сұйықтық пайда болады.

3. Сабын қалдықтарын тігінде пайдалану

Сабын тігінші борын тамаша алмастырады. Ол айқын сызық қалдырады әрі  жуғаннан кейін ешқандай із қалдырмай жоғалады. 

4. Сұйық сабын дайындау

Бізге қажет:

шамамен 200 гр сабын қалдықтары

1 қасық лимон шырыны

1-2 қақпақ глицерин

шамамен 200 мл су

Сабын қалдықтарын үккіште ысқылап, глицерин мен лимон шырынын қосамыз. Содан кейін оны қайнаған суға толтырып, демдеу үшін бірнеше күн қалдырыңыз. Соңынан жақсылап араластырыңыз да, бөтелкеге сұйық сабынды құйып, пайдалана берсеңіз балады. Айтпақшы, қоспаға сұйық А немесе Е дәрумендерін қосуға болады, бұл қолдың терісінің күйін жақсартуға көмектеседі.

187-3-427a22607849c3080067a8fdd094d827.jpg

5.Тұрмыстағы басқа да пайдасы

Сабын жылжытуды жақсартады, сондықтан сіздің гардеробыңыз немесе тартпаңыз жақсы жұмыс істемесе, қозғалмалы бөлік қозғалатын тіректерді сабынмен майлаңыз.

Көріп отырғаныңыздай, сабын  қалдықтарының өзі тұрмыста көп жағдайда өз пайдасын тигізе алады. Бастысы дұрыс қолдана алсаңыз болғаны.

Кальцийге бай өнімдер
Есте сақтау қабілетін жақсартатын жаттығулар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу