Полицейлер Шымкентте өзін өлтірмек болған жігітті құтқаып қалды

Oinet.kz 17-06-2022 946

Шымкентте 03:00 шамасында полицияға отбасылық жанжал туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлерін әйел күтіп алған. Ол күйеуінің қораға қарай бет алғанын айтқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшіісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

Screenshot_13.jpg

Полицейлердің бірі ер адамды іздеуге кеткен. Ол қораға кіргенде малды байлауға арналған жіпке асылып қалған ер адамды көрген. Ер адамды көтеріп, әріптесін шақырған. Жіпті кесіп, ер адамды жерге жатқызған соң, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. 

Дәрігерлер полицей бірнеше секундқа кешіккенде, ер адамды құтқару мүмкін болмайтынын еді дейді. Анықталғандай, 27 жастағы ер адам мұндай қадамға тұрмыстық мәселелерге байланысты барған. 

32 жастағы азамат 2 дәрежелі мүгедек зейнеткерді зорлады
Мас күйде көлік жүргізген жүргізуші қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу