Кальцийге бай өнімдер

Oinet.kz 10-02-2020 1452

Кальций - ағзамыз үшін маңызды микроэлементтердің бірі. Оны көп қолдану сүйектер мен тістердің қатаюына ғана көмектесіп қоймай, сонымен бірге жүрек-тамыр жүйесі мен бұлшықеттерге де кальцийдің тигізер пайдасы орасан. Және гормондардың бөлінуіне және жүйке импульстарының берілуіне де пайдасын бар. Егер бір жерде микроэлементтердің жетіспеуі байқалса, алдымен тістердің сүйектері зардап шегеді, өйткені дене оны қажетті жерлерге бағыттайды.

Ақжелкен(петрушка)

127-0-05ebc61c229790f9cd514cb1b42f5a4e.jpg

Туралған ақжелкенді ыдысқа қосуды әдетке айналдырыңыз. Бұл шөптің құрамында кальций ғана емес, сонымен қатар көптеген дәрумендер бар.

Ақжелкен халықтық медицинада кеңінен қолданылады. Шырыны көру қабілеті, салмақ жоғалту және ми қызметі үшін пайдалы.

Таңертең туралған ақжелкен қосылған аз майлы сүзбены тұтыну ағзада кальций жетіспеуін толтыруға көмектеседі.

Брокколи

127-2-05ebc61c229790f9cd514cb1b42f5a4e.jpg

Брокколи - ең пайдалы көкөністердің бірі. Бұл көкөністі көбіне спортшылар жеуі керек, өйткені бұлшықеттер мен сүйектерді нығайтуға көп көмектеседі. Кальцийден басқа (100 г өнімге 47 мг) брокколи құрамында магний мен фосфор бар.

Жұмыртқа қабығы

127-4-05ebc61c229790f9cd514cb1b42f5a4e.jpg

Жарты шай қасық ұнтақталған жұмыртқа қабығы - бұл микроэлементтердің күнделікті мөлшері. Мұның адам ағзасына пайдасы орасан. Қолданар алдында қабықты дұрыс аршып, содан кейін бірнеше минут қайнату керек. Оны қолмен немесе кофе ұнтақтағышта ұсақтап қолданыңыз. Сондай-ақ, көптеген адамдарға қабықты лимон шырынымен қоса қолданған жөн. Бұл зат ағзаға толықтай дерлік сіңеді.

Соя

127-6-05ebc61c229790f9cd514cb1b42f5a4e.jpg

Жануарлардың етімен жасалынатын тамақтан бас тартқан жандар үшін таптырмас пайдалы өнім. Соя өнімдері кальцийге ғана емес, ақуызға да бай, бұл микроэлементтердің дұрыс сіңуіне мүмкіндік береді. 100 грамм соя құрамында 102 мг кальций бар, бұл соя өнімдерді кальций жетіспейтін адамдар үшін өте пайдалы етеді. 

Өкінішке орай, көптеген өсімдік тағамдарының құрамында кальций сіңуіне кедергі келтіретін жалғамалы қышқылдар бар. Мысалы, сояны бірнеше сағат су сақтасаңызда болады.  

Асқабақ және күнжіт тұқымдары

127-8-05ebc61c229790f9cd514cb1b42f5a4e.jpg

Ақжелкен сияқты, күнжіт пен асқабақ тұқымдарын қолданарда өз мқлшерін нақты білген жөн. Ондағы кальцийдің мөлшері - 100 г үшін 975 мг және 46 мг. Осылайша, сіз әдеттегі тағамның дәмін жақсартып қана қоймай, пайдалы микроэлементтер аласыз.

Күнжіт  пен асқабақ тұқымдарының құрамына кіретін фитикалық қышқылынан құтылу үшін оларды суға салып, қолданар алдында аздап қуырған жөн.

Қызыл балық

5869896.jpg

Қызыл балықта күнжіт сияқты кальций көп емес. Бірақ артық мөлшерде оның сіңуіне қажет D дәрумені бар.Сонымен қатар қызыл балықтың барлық түрлерінде омега 3 май қышқылдарының мөлшері көп, олардың ағзаға тигізетін пайдасы орасан. 

Сардина

127-12-05ebc61c229790f9cd514cb1b42f5a4e.jpg

Балықтың бір түрі. Консервіленген сардина кальцийге бай, өйткені концервілеу барысында сүйектерін жұмсартып, оны жеуге жарамды етеді. Қызыл балық сияқты сардиндердің құрамында D дәрумені және омега-3 май қышқылдары бар.

Айтпақшы, бұл балықтың 100 г құрамында бір стакан сүтке қарағанда 100 мг кальций бар - сәйкесінше 350 мг және 250 мг.

Орман жаңғағы (фундук)

127-14-05ebc61c229790f9cd514cb1b42f5a4e.jpg

Өкінішке орай, жаңғақтарда калория мөлшері жоғары. Оның пайдасы көп болғанымен, алайда артық салмақтың себепшісі де бола алады. 100 граммнан сіз 114 мг кальций мен 628 ккал ала аласыз.

Бадам(миндаль)

127-16-05ebc61c229790f9cd514cb1b42f5a4e.jpg

Бұл жерде кальций жаңғақтарға қарағанда екі есе көп, бірақ калориялары аз. Жаңғақ қолданған сияқты, бадамды да күніне бір уыспен шектелген жөн.

Ірімшік

127-18-05ebc61c229790f9cd514cb1b42f5a4e.jpg

Барлық сүт өнімдерінің ішінде кальцийге ең бай сүзбе екені анық. Бірақ ірімшікте сүзбеге қарағанда микроэлемент өте көп. Сонымен бірге, бұл өнімде D, E, A дәрумендері және ақуыз көп. Ірімшіктер арасындағы кальцийге ең байы - пармезан: 100 г құрамында 1100 мг-нан астам кальций бар. 

Денсаулыққа ең қауіпті дәмдеуіштер қандай?
Сабынның қалдықтарын қалай қолдансақ болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу