Денсаулыққа ең қауіпті дәмдеуіштер қандай?
Медициналық ғалымдар адам денсаулығына ең зиянды және тіпті қауіпті дәмдеуіштерді, тұздықтарды анықтады. Ғалымдар бұл дәмдеуіштерді тағамға үнемі қолдану себепті қан айналымы органдарында мәселелер туындауы мүмкін деп ескертеді. Бұл организмдегі зат алмасу процесінде елеулі өзгерісті тудыруы мүмкін.
Тұз
Алғашқы зиянды дәмдеуіш қарапайым ас тұзы болыа саналады. Бұл қан тамырларына теріс әсер етеді, қан қысымының жоғарылатып, аурудың асқынуына әкеп соқтырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күніне 5 грамм мөлшерінен аспайтын тұзді тұтынуды ұсынады. Сондықтан денсаулықты сақтау үшін кеңестерге құлақ асқаныңыз дұрыс.
Қант
«Ақ өлім» деп аталатын тағы бір өнім. Ол метаболизмді бұзады, қант диабетін тудырады, сонымен қатар кариес түрінде тіс проблемаларын тудырады. Қант глюкозаның қайнар көзі болғанына қарамастан, мамандар оны табиғи өнімдерден - жемістер мен балдан тұтынуды ұсынады.
Барбекю тұздығы
О, «түтінмен» деп аталатын бұл тұздықты барша кәуепшілер жақсы көреді. Бұл қуырылған қанаттармен, шошқа етінің қабығымен және көптеген басқа грильдермен жақсы желінеді. Алайда дәрігерлер оны тұз, қант, жүгері сиропы және басқа да қоспалардың көптігіне байланысты қауіпті деп атайды.
Майонез
Майонездің зиянды тұздықтардың бірі екендігінде таңқаларлық ештеңе жоқ. Себебі дүкендегі майонез құрамында майлар мен зиянды қоспалар өте көп. Егер сіз майонез қосылған салаттарды немесе өзің дәл солай жегенді ұнататын болсаңыз, уақыттыңызды бөліп, жұмыртқа мен зәйтүн майынан қсындысымен үйде дайындалған майонез тұздығын дайындаңыз. Осылайша сіз бауырыңызға аз зиян келтіресіз және тағамнан көп пайда көресіз.
Соя тұздығы
Соя өсімдіктерінен алынған бұл тұздықта ешқандай қорқынышты ештеңе жоқ сияқты болып көрінгенімен, бірақ зиянды тұсы баршылық. Әдетте, сушимен жиі тұтынатын бұл тұздықтын құрамында күнделікті қолданатын тұздың 36% бар. Бұл тұздық адам ағзасына өте қауіпті.