Аллергияңыз қозбас үшін...

Oinet.kz 19-02-2020 2899

Көктем мезгілі кіргеннен аллергияның да ілесіп келетіні белгілі. Аллергия беттің ісінуі, мұрынның бітелуі, терінің қызарып, көз жасының пайда болуы сынды белгілердің пайда болуымен басталады. Бүгінгі санда сізге маусымдық аллергияның пайда болу себептері мен оның алдын алу шаралары туралы кезекті лайфхагымызды ұсынып отырмыз. 

Аллергия – бұл ағза мен иммундық жүйенің байланысы салдарынан пайда болатын, адамның белгілі бір затқа деген кері реакциясы. Көктем мезгілінде пайда болатын аллергияның ең көп таралған түрлері: шаң, жасыл шөп және қала ішінде ұзақ сақталатын тозаң. Аллергия деп аталатын азапты күндерден құтылудың жолдары мен тиімді әдістері өте көп. Ендеше назар салыңыз!

аллергия.jpg

Аллергияның басты себептері

Әуелі аллергияның басты себептеріне тоқталсақ! Егер сіздің аллергияңыз көктемнен басталып күздің соңына дейін жалғасатын болса, оның басты себебі, әрине көк шөп пен өсімдіктердің тозаңынан болған аллергиялық реакция. 

Ағаштар мен шөптердің тозаңдары мұрынға еніп, біздің иммундық жүйеміз оны бөгде зат ретінде қабылдайды. Мұндай жағдайда тиісінше антиденелер вирус пен бактерияға қарсы шыға бастайды. Осы сәтте қанда биологиялық белсенді зат – гистамин пайда болады. Ал, біз оған аллергияның барлық жағымсыз белгілерін көрсетеміз. Мысалы, жөтелу, түшкіру, мұрыннан су ағып, көзімізде жастың пайда болуы. 

Ал, шындығына келер болсақ аллергия – ауру емес. Ол қарапайым заттарға кері реакция беретін ағзамыздың ерекше күйі. 

Осы орайда сіздің көкейіңізде мынадай сұрақ пайда болуы мүмкін: Адамды осы бір реакциядан айықтырып алуға болады ма? Алергияның алдын аларлық медицинаның құдіреті мұншалықты күшті емес, алайда төменде келтірілген әдістерді қоладану арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз:

Аллергенді тозаңның 100-ден астам түрі бар. Сондықтан, сізге тиісті ем тағайындау үшін дәрігермен кеңесуіңіз керек. Кей аллергендер анық көрінеді, бірақ, оған диагноз қою қажеттілігі туындайды. Ондай жағдайда міндетті түрде дәрігер көмегіне жүгінгеніңіз жөн. 

Көктем мезгілінде пайда болатын аллергияға қалай дайындалған жөн:

сезонная.jpg

1. Нақты иммунотерапиядан өтіңіз

Бұл әдіс алдын-алудың ең тиімді жолы. Егер сізде аллергия анықталған болса, дәрігерлер сізге алдын ала аллергендік дәрілердің дозаларын енгізеді. Осылайша дене біртіндеп аллергия үйреніп кетеді. Осыдан кейін сізде аллергия тудыратын затқа реакция болмайды. Аллергиядан толықтай арылмасаңыз да, кем дегенде аллергиялық реакция бәсеңсігенін сезінетін боласыз.

Бірақ екі маңызды нәрсені есте сақтағаныңыз жөн. Біріншіден, нақты иммунотерапия аллергия бәсеңсіген кезеңде жүргізілуі тиіс. Мысалы, күз мезгілінің соңына қарай. Екіншіден, жасалған процедуралар  мүмкіндігінше тиімді болуы үшін, оны жүйелі түрде жүргізіп отыру керек. Әдетте аллергияға бейімділік 3-4 жылдан кейін толықтай жоғалады.

2. Гипоаллергенді диета ұстаныңыз

Гипоаллергенді диета - бұл аллергияны тудыратын немесе күшейтетін өнімдерді күнделікті тағам қатарынан шығару. Аллергия басталғанға дейін диеталық тағамдарды тұтынсаңыз, иммундық жүйеңіз күшейе түседі. Диетада жеңіл тағамдар, көкөністер мен жемістер басым болуы керек.

Аллергия басталғанға дейін қышқыл негізді баланс пен метаболизмді қалыпқа келтіргеніңіз жөн. Сонымен қатар, аллергия кезеңінде аллерген туындататын өнімдерді қолданудан бас тарту керек. Көктемде құлпынай мен таңқурайдан, күзде қарбыз, қауын, жүзім мен баклажаннан аулақ болыңыз. Сондай-ақ, жаңғақ, кофе, шоколад, какао, бал, жұмыртқа тағамдарын тұтынудан бас тартқаныңыз жөн. 

3. Витаминдік терапияны қолданыңыз

В және С дәрумендері тозаң аллергиясымен күресуге көмектесіп, иммунитетті нығайтады. Сондықтан, аллергия маусымы басталғанға дейін де, кезінде де дәрумендерді қабылдауды ұсынамыз.

Аллергиямен қалай күресуге болады?

как справиться.jpg

Егер сізде иммунотерапиядан өтуге уақыт болмаса, не істеу керек? Әрине, аллергиядан арылуға көмектесетін әдістерге жүгініп көрелік!..

№ 1 әдіс. Радикалды

Көптеген аллергияны емдеудің ең кең таралған тәсілі - аллергенмен байланыста болмау. Егер сіздің аллергияңыз үй жануарларымен тікелей байланыста болса одан арылу жолдары оңай. Ал, сіздің аллергияңыз шөп, шабындық жағдайында болса бұл үлкен мәселе туындатуы мүмкін. Ондай жағдайда демалыс алып, аллергия сізді алаңдатпайтын жерге баруыңыз керек. Радикалды әдіс те тиімді. Алайда, бұл опция барлық адамдар үшін қолайлы емес. 

№2 әдіс. Фармакологиялық

Дәрігермен кеңесіңіз. Өз-өзіңізді емдеуді доғарып, дәрі-дәрмектің өзін тікелей дәрегердің бақылауымен алыңыз.  

Мұндағы жиі кездесетін бір қателік: аллергиялық реакция күшейген кезде дәрі ішу. Аллергенмен байланысқаннан кейін антигистаминді қабылдау пайдасыз. Себебі, ағзаңыздың кері реакция беруі ғажап емес. Ал, антигистаминдер ағзада тұрақты түрде бірқалыпты жиналуы керек. Содан кейін ғана олар аллергиялық реакцияны жеңуге көмектеседі. Ең дұрысы, дәрі қабылдау уақытын, аллергия пайда болмай тұрып 2-3 апта бұрын бастаған жөн.

№3 әдіс. Үй

Аллергияға жақсы төзу үшін үйіңізді аллергия маусымына дайындау керек. Мүмкіндігінше есіктер мен терезелерді жабық ұстаңыз. Жаңбырдан кейін бөлмені желдетіңіз. Егер таза ауа болмаса, терезелерді дәке арқылы бекітіп, сумен жиі ылғалдандырып тұрыңыз. Перделер де ылғалдандыруға тұрарлық. Үй ішіне бірнеше желдеткіш орнатқаныңыз жөн. Сонда ғана аллергиямен күресу оңай болады. Үй ішінде еркін тыныстауға мүмкіндік болады.

№ 4. әдіс. Гигиеналық

Үйге келген соң киіміңді кір машинасына сал. Содан кейін жылы су қабылдап, шашыңызды мұқият жуыңыз. Себебі, онда көптеген тозаң қалуы мүмкін. Егер сіз үй жануарларын жаяу серуендеткен болсаңыз, оларды да жуындыруыңыз керек. Аллергия кезінде киіміңізді ашық балконға кептірмеңіз.

№ 5 әдіс. Халықтық

Медицина аллергияға қарсы тұруға көмектесе алатын дәрі-дәрмектерді ұсына алады. Ал, халық емі сізге қайнатылған сорпаны ұсынады: ыстық суды қайнатып, ішіне кеспе салыңыз. 20 минуттан соң оны ішуге болады. Қайнатылған сорпаның алтын түске айналғанын күтіңіз. Содан кейін ғана, оны ішуге әбден болады.

Арнайы маманға қай уақытта хабарласқан жөн?

специалист.jpg

Егер сіз әлі де болсын аллергия белгілерінен арыла алмасаңыз, отоларинголог немесе аллергологқа қаралыңыз. Дәрігер сізге дәрі-дәрмек рецептін жазып, иммунотерапияны ұсынуы мүмкін. Дәрі-дәрмектер аллергиядан арылуға көмектесетін бірден-бір құрал. Кей жағдайда дәрігерлер симптомдарды жеңілдететін аллергиялық иньекцияларды тағайындайды.  Сондай-ақ, аллергияны анықтайтын ең танымал әдіс - теріні тексеру.

Егер аллергияңыз бар болса, біз ұсынған әдістерді қолдануды ұмытпаңыз! Дәрігерге уақытылы қаралып, денсаулығыңызға ұқыптылықпен қараңыз!

Кез келген адамға пайдасы тиетін құнды кеңестер
Аяқ терлеудің ең оңай емі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу