Тағы да ана өлімі: Павлодарда үш баланың анасы босанған соң үш күннен кейін көз жұмды

Oinet.kz 03-07-2022 2957

Павлодарда орын алған үш баланың анасының өліміне дәрігерлер кінәлі деп табылып отыр. Әйел аман-есен босанып, үшінші күні қайтыс болған. Облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті өкілдерінің алдын ала болжамы бойынша дәрігерлер салғырттық танытқан. Олар тексеру жүргізіп, материалдарды полицияға тапсырды, тиісінше қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Еуразия бірінші арнасына сілтеме тастап.

Screenshot_12.jpg

30 жастағы Еркежан Әкімбекова 2022 жылдың мамырында көз жұмған. Үшінші баласын босанған соң бақилық болған. Жұбайы екеуі дәрігерлер екені белгілі болды. 

Сағади Әкімбеков сөзінше, жұбайы палатада қансырап жатқан. Қызметкерлердің ешбірі қасына келмеген. 

Тергеуден соң бірнеше қызметкер сөгіс алған. Енді олар Қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

“Сараптама бұл өлімді алын алуға болатынын көрсетті. Бірінші күні әйел босанған соң медициналық көмек толыққанды көрсетілмеген. Сондықтан қан кеткен”, – дейді Медициналық және фармацевтикалық бақылау басқармасының басшысы Динара Хасанова.

Хиджаб оранатын араб әйелінің айтқан сұмдық шындығы
Атырауда отандастарын қолдау үшін митингіге шыққан азаматтар ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу