Шаруалар су тапшылығын сезбейді

Oinet.kz 24-12-2024 53

«Суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері». Осындай тақырыппен жақында Түркістанда  көшпелі отырыс өтті. Жиынға ҚР Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің депутаттары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облысы әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы саласының басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.  

Екі күнге созылған шараның алғашқы күнінде қатысушылар су нысандарының жұмысымен және суармалы жерді тиімді пайдаланып отырған шаруа қожалықтарымен танысса, ал екінші күні 100-ден аса ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен тауар өндірушілері қатысумен отырыс өтті.

Жиында Түркістан аймағындағы 63,3 мың га суармалы жерді сумен қамтамасыз ететін жалғыз су нысаны «Бөген» су қоймасы арқылы жеткізілетін, ұзындығы 145 шақырым құрайтын Түркістан магистральды каналдың жағдайы қаралды.  Мамандар шара барысында  сыйымдылығы 16 млн.текше метр құрайтын «Кеңсай-Қосқорған 2» су қоймасын салуды ұсынды. 

  Мамандардың айтуынша қазіргі таңда, жарамсыз болып қалған 145 дана тік ұңғымаларды қайта қалпына келтіру арқылы 34,7 млн. м3 ағын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берілмек. Нәтижесінде, жылына қосымша 3755,0 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 1500 жаңа жұмыс орны ашылады. 189,7 млн. м3 ағын су тапшылығын шешуге қол жеткізіледі.


Кәсіпкерлерге қолдау білдірді
Табыстың көзін тапқан әйелдер бас қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу