Кәсіпкерлерге қолдау білдірді

Oinet.kz 24-12-2024 60

Кәсіпкерлікті қолдау – елдің экономикасына ғана емес халықтың әл-ауқатының артуына да септігін тигізеді. Сондықтан шағын және орта бизнесті дөңгелетіп отырған жандарға демеу беру маңызды шаруа екенін жақсы түсінетін облыс басшысы Өмірзақ Шөккев алғаш рет кәсіпкерлермен бейресми кездесу өткізді. 

     Онда кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларындағы мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемін арттыру, қарқынды бау шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылық жерлерді тиімді пайдалану, тамшылатып суару жүйелері, бордақылау алаңдары мен су қоймаларын салу туралы мәселелері әңгіме арқауына айналды. «Мемлекет пен бизнестің күшін біріктіру арқылы ғана күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сіздердің жұмыс барысындағы барлық ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз міндетті түрде ескерілуі керек. Біз сол үшін де жұмыс істейміз. Біз кез-келген нақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Бірақ, біз сіздердің аймақтың дамуына қандай үлес қоса алатындарыңызға көз жеткізуіміз керек», - деді Өмірзақ Естайұлы.

    Облыс әкімі өңірді дамытуға бағытталған кәсіпкерлердің бастамалары мен жобаларын қолдауға дайын екендігін атап өтті.


Теріскейде өнім мол
Шаруалар су тапшылығын сезбейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу