Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы кезіндегі ақша жымқыру дерегі бойынша алдын ала тыңдалым аяқталды. Іс елордада Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл іс бойынша жеті адамға айып тағылған. Олардың ішінде елорданың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісов, «Astana Innovations» АҚ басқармасының экс-төрағасы Талғат Әшім, сонымен қатар әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мүсенов және Дәурен Әбдіхамитов бар. Оларға қылмыстық ұйым құрып, басшылық етті және сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп, талан-таражға салды деген айыптар тағылған. Бұл іс бойынша алғашқы сот отырысы 29 қазанға жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, былтыр қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне LRT құрылысы бойынша тергеуді жандандыруды тапсырған болатын. Артынша, бұл қылмыс бойынша 10 күдіктінің үшеуі іздеуде жүргені хабарланды.